ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 3-тоқсан ЖМБ жауаптар
«Қазақ әдебиеті» 10 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10 сынып
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 3-тоқсан ЖМБ жауаптар
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі оқиға немен аяқталады?
А) Тұлпары Қыпшақбоз өлгенде құрмет көрсетілуімен
В) Шаштының ата-анасымен қауышуымен
С) Шашты есімінің қойылуы, сәуегейдің жорамалымен
D) Тасқұлдың азаттық алып еліне қайтуымен
[1]
2. Тасқұлдың Кенжебекті құтқаруына не себеп болды?
А) Кенжебекті аяды, күндіз-түні жұмысқа салғанын көргісі келмеді
В) Олардың ата-анасына сөз бергені есіне түсті
С) Өзінің тағдырын қайталамауын қалады
D) Тасқұл Кенжебекті құтқармады, ол өзі қашып кетті
[1]
3. Т.Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» шығармасындағы профессорға қатысты ақпараттарды
анықтаңыз
А) Көздермен сырласады, өте өжет, есімі – Жоңғаров, лабораториясы бар
В) Сыпайы, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, био-физик, үйінде қызы бар
С) Есімі – Созақов, редакциядағы профессор, Сәуле деген механикалық адам бар
D) Ғалым, мейірімді, парасатты, көздер дүниесін басқарушы, Сәуле деген ассистенті
бар
[1]
4. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңіндегі ұлттық құндылық көрінісін
көрсетіңіз.
А) Ілінбеу үшін елдік, бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
В) Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,
Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін...
С) Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
D) Уақытша көрсендер де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
[1]
5. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің идеясына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз.
А) Ел болам десең, бесігіңді түзе
В) Жаңбыр жауса, жер ырысы,
Батыр туса, ел ырысы.
С) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
D) Сабыр түбі – сары алтын
[1]
топқа қосылу