ТЖБ 11 сынып Қазақ әдебиеті 4-тоқсан ЖМБ жауаптар
«Қазақ әдебиеті» 11 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11 сынып
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
ТЖБ 11 сынып Қазақ әдебиеті 4-тоқсан ЖМБ жауаптар
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Табиғат және адам» бөлімі
Шығармалар: Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы
1-БӨЛІМ
1. «Қызыл кітап» поэмасының 1-бөліміндегі оқиғалар ретін көрсетіңіз.
А) Анау киім ілгішке көзім түссе,
Бұғылардың мүйізі елестейді.
В) Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ —
Қалпақ емес —
Қақпан боп көрінеді.
С) Қызыл түлкі даланың көрігі еді.
Жаға болып ол енді «керіледі»
D) Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
1)
2)
3)
4)
[1]
2. Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,
Ұяламын қарауға көк аспанға! – өлең жолымен сәйкес келетін астарлы ойды көрсетіңіз?
А) Құстар – адамның жақын досы.
В) Аққуды атпа, махаббатты сатпа!
С) Құс – аспан әлемінің ерке падишасы
D) Құс ұясында ғана өзін туған үйіндей сезінеді.
[1]
3. Өлгеннен соң күн де жоқ
Шуақ та жоқ.
Өлтіргенде ар да жоқ,
Ұят та жоқ.
Оңбағанның артында ұрпағы бар,
Ал мамонттың артында тұяқ та жоқ.
Өлең жолдарында асты сызылған сөз троптың қай түріне жатады?
А) символ
В) кейіптеу
С) метафора
D) синекдоха
[1]
4. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасындағы Мэлс Әлібаевичтың сипаты қандай?
А) Елінің қамын жеген абзал азамат
В) Алыстағы баласына асығып келе жатқан ғалым
С) Қызметінің арқасында айтқаны айтқан, дегені деген
D) Жылпостығының арқасында "еті тірі жігіт" атанған
топқа қосылу