ТЖБ 11 сынып Қазақ әдебиеті 2-тоқсан ЖМБ жауаптар
«Қазақ әдебиеті» 11 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11 сынып
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
ТЖБ 11 сынып Қазақ әдебиеті 2-тоқсан ЖМБ жауаптар
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Заман шындығы» бөлімі
Шығармалар: Б. Мұқай «Өмірзая» романы
Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі
1-БӨЛІМ
1. «Шындыққа әділеттің ақ жолымен бару керек. Жалынып, жаттың аяғына жығылып,
жарамсақтанып жүріп нағыз шындыққа жете алмайсың, қарағым. Ол – адасу жолы, теріс
жол». Шығармада берілген үзіндінің қай кейіпкерге тиесілі екенін анықтаңыз.
А) Аяған
В) Асылхан
С) Қуат ақсақал
D) Алдияр Ақпанұлы
[1]
2. Аяғанға жабылған жалалардың ішінен артығын көрсетіңіз.
А) Жақияны ұрып-соққан
В) Тарих пәнін бұрмалап оқытқан
С) Үйде құпия ақпараттар, кітап тығып ұстағаны
D) Ауғанстандағы соғысқа қатысты теріс пікір білдіргені
[1]
3. Шығармадағы Алмастың бейнесі сәйкес келетін нұсқаны көрсетіңіз.
А) Жеке басының қамын ойлайды, жандайшап сатқын, опасыз
В) Аяғанды қиындықтан құтқарушы, студент жастарды үгіттеуші
С) Жағдайдың құрбаны, Хадишаны сүйеді, қолынан ештеңе келмейді
D) Жасаған қиянаты үшін опық жеген құрбан, Алдияр ақсақалдың жақтаушысы
[1]
4. «Пәтер іздер жүр едік» әңгімесінде пәтер іздеуші жас отау ұйғыр әйелден пәтер жалдаған
болатын. Үйге кірген екеуі таң-тамаша боп жан-жағына қарайды. Келіншегі үйде бірдеңенің
жетіспей тұрғанын айтады? Ол не?
А) айна
В) стол
С) терезе
D) теледидар
[1]
5. Автор пәтер қожайындары арқылы қандай адамдардың бейнесін бергісі келді?
А) Өте пысық, еті тірі адамдардың бейнесі
В) Өмірде көпті көрген адамдардың бейнесі
С) Тойымсыз, жаны ашымайтын адамдардың бейнесі
D) Қиналғанда қол ұшын беретін адамдардың бейнесі
[1]
2-БӨЛІМ
6. «Өмірзая» романының негізгі идеясын бүгінгі заман шындығымен байланыстырып, талдау
топқа қосылу