Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 2 тоқсан «Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 2 тоқсан «Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы»

03 ноя 2024, 22:17
RUS / Казахский язык и литература Т2
141
0

Жиынтық бағалау бөлімі «Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы»

Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 2 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 8- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 2 тоқсан «Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы»

Бөлім «Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы»,  
«Қазақстанның су ресурстары» 
Оқу мақсаты 
Бағалау критерийі 
8.3.2.1 Публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа 
очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің 
жанрын анықтау  
8.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа 
байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну  
Білім алушы 
• Мәтіндегі жанрға қатысты ерекшелікті анықтайды 
• Эссе құрылымын сақтайды, мәселенің шешу жолдарын 
ұсынады 
Ойлау дағдыларының     Жоғары деңгей дағдылары 
деңгейі                                                                                            
Орындау уақыты              
Тапсырма 
15-20 минут 
Мәтінді мұқият оқып, оның жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз.  
«Адамды адам еткен - еңбек» десек, қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалаймыз. 
Осы орайда шығармашыл тұлғаға төмендегі сауалдарды жолдаған едік:   - Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз?  - Менің ойымша, еңбек адамы - ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын 
маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам. Ол дихан бола ма, малшы бола 
ма, жазушы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Еңбек адамы кез келген салада болу керек.  - Қазіргі қазақ қаламгерлері, режиссерлері еңбек адамының образын жасады ма?  - Бүгінгі таңда театрда еңбек адамы толықтай сомдалған жоқ. «Еңбек адамы» десе, 
далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бір кездері тамаша очерк жанры 
болған. Ол уақытта әрбір журналист еңбек адамы туралы очерк жазатын. Елге баратын, 
солардың еңбегін көретін. Ал қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Адал еңбекті 
насихаттайтын шығармалар жазылып, фильмдер түсірілсе жақсы болар еді. 
1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.  
А) мақала 
В) әңгіме 
С) сұхбат 
D) очерк



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.