Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»

01 ноя 2024, 21:12
RUS / Казахский язык и литература Т2
4
0

Жиынтық бағалау бөлімі «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»

Қазақ тілі мен әдебиеті 7 сынып 3 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 7- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»

Бөлім «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет», «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.»


 

Оқу мақсаты


7.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау


7.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген  ақпаратты  сипаттау


 


Бағалау критерийі


Білім алушы

·         Мәтін мазмұнынан негізгі ақпаратты анықтайды


·         Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген  ақпаратты сипаттайды


Ойлау дағдыларының


деңгейі                                    Жоғары деңгей дағдылары


 

Орындау уақыты                     15-20 минут


 

1-тапсырма


Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны не туралы екенін айтыңыз.


 

Домбыра


Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.


Нағыз қазақ – қазақ емес,


Нағыз қазақ – Домбыра!


 


Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:


Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.


 


Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын


Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.


 


Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.


Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді


 


Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:


Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.                                  


Қадыр Мырза Әлі


 

2-тапсырма


Сұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.


1.      Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?


2.      Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?


3.      «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті туралы?


4.      «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?


5.      «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай түсінесіз?


 

 

 

 

3-тапсырма


Суреттерді пайдаланып, «Әлеуметтік желілер жастарға қалай әсер етеді?» тақырыбында сөйлесіңіз. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.


 

 


 

·         Ғаламтордың пайдасы мен зияны: қайсысы көптеу?


·         Жастардың арасында ғаламторға тәуелділік бар ма?


·         Ғаламтор тәуелділігінен қалай құтылуға болады?


·         Ғаламтор мәдениетін білеміз бе?


 

4-тапсырма


Төмендегі кесте мен диаграммада берілген ақпаратты өз сөзіңізбен сипаттаңыз.


 

 


 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.