Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі»

01 ноя 2024, 21:13
RUS / Казахский язык и литература Т2
2
0

Жиынтық бағалау бөлімі «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі»

Қазақ тілі мен әдебиеті 7 сынып 3 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 7- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі»

Бөлім «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»»


 

Оқу мақсаты


7.3.6.1 Тақырып бойынша деректер қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу


7.4.5.1  тақырып бойынша оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану


7.5.2.1 жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру


 

Бағалау критерийі


 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі


 

Орындау уақыты                               


Білім алушы

·         Мәтіндегі деректерді қолданады


·         Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді


·         Оқшау сөздердің тыныс белгісін қолданады 


·         Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді жазба жұмыстарда қолданады


 

Қолдану


 

15-20 минут


 

1-тапсырма


Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз, негізгі деректерді белгілеңіз.


 

Жастар және ғаламтор


            Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған сөзінде: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек», - деген болатын. Бүгінгі тақырыбымыз – мүмкіндіктері күн сайын кеңейіп, экономика, ғылым мен білімнің дамуына, жеке адам мен қоғамның, әсіресе жастардың өмірі мен қауіпсіздігіне күшті әсер ететін ҒАЛАМТОР жайында болмақ. 


            Біраз уақыт бұрын Гуглдың негізін қалаушы Эрик Шмидтің «Жаңа сандық дәуірі» атты кітабы шықты. Бұл кітап – Интернет пен оның төңірегіндегі технологияларды сараптай келе, қоғам, мемлекет пен бизнестің болашағына жаңа көзқарас ұсынады.


            Шмидтың айтуынша, адамзат Интернетті өз қолымен жасаса да, оның табиғатын терең түсінбейді. Интернет -  адам өміріне керемет пайдалы құрал, бірақ оның зияны да айтарлықтай көп. Тексерілмеген ақпарат, дәйексіз пікір, кез келген адамды ретсіз қаралау, дәлелсіз жала жабу – соның басы ғана. Онлайн алаяқтықтың түр-түрін жасауға болатын, ұят пен абыройды ұмытқан ойын-сауық табуға болатын, бұзақы да, баскесер қылмыскер де еркін кіріп, басқаларға ақыл айтатын, ешкім бақыламайтын, қадағаламайтын орта іздеген адам Интернетке келеді.  Ал бұл жастардың болашағын бұзады.....


 

2-тапырма


Көтерілген мәселе туралы өз ойыңызды дәлелдеп жеткізіңіз.


 

3-тапсырма


Суреттерді пайдаланып, осы оқиға туралы баяндап, алыстағы досыңызға хат жазыңыз.Хатта оқшау сөздерді қолданыңыз, тыныс белгілерін қойыңыз. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.


Жағдаят.


Сіз ата-анаңызбен бірге ұлттық аспаптар оркестрінің концертіне бардыңыз.


Концерт ұнады ма/ұнамады ма? Неліктен? Қандай сезімде болдыңыз? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.