ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 3-тоқсан ЖМБ жауаптар
Қазақ тілі 11 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11-11 сыныптар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 3-тоқсан ЖМБ жауаптар
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
3. Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің көздеген мақсатты аудиториясы кімдер? Автор
мақсатты аудитория үшін қандай терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды,
қолданады? Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріп, баға беріңіз және сөйлеудегі
интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп
санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді
қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Біз қалай десек те, бүгінде дарындылар дамыған елдерде өз білімін жалғастыруды жөн
көреді. Дегенмен олардың саны елде қалып, отандық жоғарғы оқу ордаларында білім алып
жүрген студенттерден көп емес. Бірақ ақылдылар үшін ашық таластың қазір нағыз қызған
шағы десек те болады. Тегін оқу, жақсы шәкіртақы беріп қызықтыра алатын Еуропа еліне
аңсары ауатын жастардың елден кетуіне де осы білімдегі жағдайлар да себеп. Мәселен,
бүгінде аспан асты еліне құжат тапсырып, тілдік білімін дәлелдеген қазақ жастарының
қарасы қалың. Себептің тағы бірі – елде жастарға арналған шынайы бағдарламалардың
жоқтығы. Бұл әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Серік
Бейсембаевтың пікірі.
«Миграция Қазақстан экономикасына орасан зор кері әсерін тигізіп жатқанын айта кету
керек. Көп жағдайда білікті мамандардың орны бос қалады. Сәйкесінше, адами капитал
сапасы төмендеуде. Бұл – Қазақстан сияқты дамушы мемлекет үшін жағымсыз дүние. Осы
факторлар білім сапасының төмендеуіне, әлеуметтік қызмет көрсету, оның ішінде денсаулық
сақтау саласының төмендеуіне әкеледі. Миграция әсерінен Қазақстанның экономикалық
зардаптары туралы зерттеулер өкінішке қарай жоқ. Сондықтан мемлекет талантты, білімді
жастарды қолдауға мән беруі қажет. «Жас кадрлар сыртқа кетпеуі үшін мемлекет не істей
алады?» деген сұраққа жауап іздеу керек. Жас мамандарға бағытталған бағдарламалар, нақты
іс-әрекеттер қажет-ақ».
2-мәтін
Сайып келгенде, сарапшылар мен жастардың көзқарасы бір арнаға тоғысып тұр.
Жастарды мұнда ұстап тұрудың бірінші жолы – еңбекақы, жайлы жұмыс. Оған баспананың
жоқтығын қосыңыз. Жемқорлық факторы да аяқтан тартады. Бұған елдегі білім жүйесінің
сәт сайын реформалануы да жастарды қыр асыруға жол ашып жатыр. Мұхит асып, жыраққа
кеткен қазақ жастарының елге оралу не оралмауын әрбір түлек өзі шешеді. Алайда ел ішінде
білім алып, биікке көтерілген дарындылардың өзге елдің түтінін түзу етіп, жат жердің
табысын еселеуі қазақ интелегенциясын алаңдатады. Жаһанның жуан елдеріндегі жағдайға
еті үйреніп қалған жастардың ішінде де Отанына оралып, адал қызмет атқарып жүргендері
қаншама. Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің бірнеше жыл бұрын жүргізген
статистикасына көз салсақ, жастардың 23,7 пайызы Ресейге немесе жақын шетелдерге,
әсіресе ТМД елдеріне кетуге ұмтылады екен. Ал алыс шетелге шығып, сонда тұруға ықылас
танытқандар қатары 13,8 пайызға жетіп жығылған.
Түйін. Жалақысы жоғары, мәртебесі биік маман иесі болуға әркімнің таласы бар.
Шартараптың мойындалған білім жүйесіне мойынсұнатын қазақ жастарының білім жолында
ізденіп жүргендері көңіл қуантады. Бірақ қазақ қоғамын алаңдататыны – қазақ жастарының
топқа қосылу