Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 2-тоқсан ЖМБ жауаптар

ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 2-тоқсан ЖМБ жауаптар

11 ноя 2024, 12:41
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
21
0

Қазақ тілі 10 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10-11 сыныптар

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 2-тоқсан ЖМБ жауаптар

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» бөлімі
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты автордың негізгі ойын,
мәтін арқылы оқырманға не айтқысы келгенін анықтап, сұрақтар құрастырыңыз, өз
пікіріңізбен баға беріңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп
санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып,
пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Жаңа индустрияландыру: қазақстандық
барыстың қадамы" ұлттық телекөпірі барысында жоғары технологиялық бірқатар жаңа
өндіріс ошағын іске қосады» деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық телекөпір барысында бүкіл ел бойынша онлайн режимінде жаңа индустриалдыинновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске
қосылатын болады. Атап айтқанда, "Қазақалтын Технолоджи" компаниясы Ақсу ауылында
алтын өндіру фабрикасын іске қосады. Ақтөбе облысында машина жасау және металл өңдеу
секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және құбырлар шығарумен айналысатын
"Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты" ЖШС зауыты ашылды. Ал Атырау облысында
("Жігермұнайсервис" ЖШС) роботты дәнекерлеу әдісімен металл құрастырмалары өндірісі
іске қосылмақ. Тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде
Солтүстік Қазақстан облысындағы "Маслодел" ЖШС, "Тетра Пак" ЖШС жоғары
технологиялық қондырғылармен жабдықталған сүт зауытын ашады. Шығыс Қазақстан
облысында "Восток-Молоко" ЖШС жоғары технологиялық жабдықтары орнатылған сүт
кешенін модернизациялаған. Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасы
іске қосылады.
Сондай-ақ телекөпір барысында Жамбыл облысында "Оргстрой" кәсіпорны гранит,
мәрмәр және гипс өндіру, жарылғыш құрылғыларды өндірудің жаңа технологиясын өңдеу
бойынша өндіріс ашуды жоспарлап отыр. Алматы облысында "Psi Stroy Industriya" ЖШС
металл конструкцияларын шығаратын зауытты, Коринская ГЭС баламалы энергетикалық
жобаны іске қоспақ. Ал Қарағанды облысында ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысатын
кәсіпорын жұмыс істей бастады. Кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50
мыңын қайта өңдеуге қауқарлы.
Бұған қоса, телекөпір барысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және
Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында
Мемлекет басшысы бірнеше нысандардың іске қосылатынын атап өтті.
2-мәтін
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға
шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып
табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын
өнімін құрайды. Басқа елдерде көптен бері кең қолданылып келе жатқанымен, отандық
тәжірибеге 1988 жылдан енгізілген. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың
тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға
бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол
елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы
ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.