ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 2-тоқсан ЖМБ жауаптар
Қазақ тілі 11 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11-11 сыныптар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 2-тоқсан ЖМБ жауаптар
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2. Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты автордың негізгі ойын, мәтін
арқылы оқырманға не айтқысы келгенін анықтап, сұрақтар құрастырыңыз, өз пікіріңізбен
баға беріңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2
сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді
білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері
Туған еліміздің экологиялық ахуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Heгe
десеңіз, экологиялық ақпараттарды игеру үшін экологиялық білім қажет. Қазақстанның
экологиялық жағдайына қосымша талдау жасағанда мынаны байқауға болады: Солтүстік
Қазақстан бойыша құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс
орнының зиянды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Казақстанда мұнай-газ
өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн. гектарға, ал жайылымдардың деградацияға
ұшырауы 3 млн.гектар жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ
халықка әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен
Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. гектар жер радиоактивті ластануда. Семей
қаласынан небәрі 120 шақырым жерде орналасқан сынақ полигонда 40 жыл ішінде 485
ядролық жарылыс жасалды. Олардың 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астындағы
сынақтар еді. Қуаты бірнеше килотоннадан 1,5 мегатоннаға дейін болды. Бұл цифрлар
ұлттың жанын жегідей жейтін аса ауыр қасіретті көрсетеді. Қазақтар ядролык, қарудан көп
зардап шеккен жапондықтардан кейінгі екінші орын алады. Одақтың басшылығымен және
әскерилермен болған төзімділікпен жүргізген шиеленісті күрестен кейін, 1991 жылғы 29
тамызда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен полигонды жапты.
Ал Каспий теңізінің 268 млн. гектар жағалауы су астында қалып, олардың мұнай
өнімдерімен ластануы одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық
Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол
жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты, ондағы техногендік, өндірістік ластану,
радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың
құнарсаздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде.
2-мәтін
Экологиялық факторлар
Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен
Сырдария бассейнінің 2 млн. гектар жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға,
тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын
тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. гектар сексеуіл
ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да
экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп
қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі суармалы жерлердің тозуына әкеп
соқты. Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті
жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті.
Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала
тұрғындарына апат әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүниежүзіндегі экологиялық лас
топқа қосылу