Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 3-тоқсан ҚГБ жауаптар

ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 3-тоқсан ҚГБ жауаптар

11 ноя 2024, 15:48
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
2
0

Қазақ тілі 10 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10-11 сыныптар

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 3-тоқсан ҚГБ жауаптар

«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма», «Қазіргі қоғам: әлеуметтік
теңсіздік.Тілдік жүйе және стиль», «Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер» бөлімдері
бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені
анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып,
дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды
деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып,
пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні
Отыз екінші қара сөз
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білім керек. Талаптың өзінің біраз
шарттары бар. Əуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратамын деп, дүниенің бір
қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздеу керек. Ол үшін білім-ғылымның өзіне ғана
құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет деп бағаласаң және әр білмегеніңді
білген уақытта көңілде бір рахат болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы
да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді,
көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады. ...Адамның
көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала
мейір шала байқайды.
Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек...
Үшінші – әрбір ақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең
айрылма!
Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза
(ойлау, пікір айту) қылу, екіншісі - берік мұхафаза (сақтау, қорғау) қылу. Бұл екі қуатты
зорайту жаһатінде (жағдайында) болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші – көптеген ақыл кеселінен қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз
салғырттық деген бір нәрсе бар, соған бек сақ бол. Ол халықтың, дәулеттің, ғибраттың,
ақылдың, ардың – бәрінің дұшпаны.
Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез
бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген
қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те
пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық,
тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі,
қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
Ә мәтіні
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
1. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің
маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың
тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды.
Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер
жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды, дегенмен білімнің салтанаты жалпыға
ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ 




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.