Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып 4-тоқсан

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып 4-тоқсан

13 ноя 2024, 19:21
RUS / Казахский язык и литература Т2
14
0

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Тапсырмалар түрлері:
Жабық типті тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар,төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып 4-тоқсан

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
Тыңдалым 
Толеранттылық қай кезеңде болсын ізгілікті іс ретінде саналған. Ол – рухани бірлікке 
апарар жол. Толеранттылық, төзімділік түрлі адамдар өмір сүретін ортада өзара сыйластық 
пен құрметтің ортаймауына ұйытқы болады. Толеранттылық бар жерде адамдардың құқығы 
мен бостандығы сақталады. Негізінен, әр адамның татулықты қалауы – қоғамның 
тұтастығын қамтамасыз етудің бір тетігі. Жалпы, толеранттылық үрдіс қалыптаспай, 
өркениетті қоғам құру мүмкін емес. Ортадағы төзімсіздік, шыдамсыздық түрлі дау-дамайға, 
тәртіпсіздікке, адам құқығының бұзылуына алып келеді. Кейбір қоғамдарда орын алып 
жатқан нәсілдік кемсітушіліктер, күмәнді таптаурын көзқарастар, дінаралық, ұлтаралық 
түйткілдер осы төзімсіздіктің салдары. Төзбеушілік орын алған жерде оған қарсы күш пайда 
болады. Бұл өзара жанжалдың ушығуына апарып соғады. Жеке адам өз бойындағы 
төзімсіздікпен күресуі үшін, алдымен қоғамдағы жағымсыз құбылыстарға, кесірлі топтарға 
қатысты өзінің байсалды ұстанымын қалыптастыра білуі қажет. Сондай-ақ, әр адам өзіне 
«Мен өз ортамда төзімділік көрсетіп жүрмін бе?», «Өзімнің көзқарасыммен келіспейтіндерді 
қабылдай алып жүрмін бе?» дегендей мазмұнда сауал қоюы керек. Осы арада француз 
жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің: «…Егер сен мен сияқты болмасаң, сол үшін сені 
кемсітпеймін, қайта құрметтеймін», – деген сөзін келтіре кетейік. Бұдан біз өзгенің наным
сенімін, өмірлік ұстанымын сыйлау, сондай-ақ, жаратылыстар болмысының әртекті 
келетініне түсіністікпен қарау қажеттігін ұғамыз.  
Әлемнің кереметі – ондағы тіршіліктің әртектілігінде екенін де ұмытпағанымыз жөн. 
Жер бетінде өзіндік ерекше мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар түрлі ұлттар тұрады. 
Жер жүзіндегі адамдардың түп-тамырына үңілер болсақ, олардың бір-бірімен жіпсіз 
байланысты екеніне көз жеткіземіз. Осы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсу үшін, 
біріншіден, толеранттылық керек. Адамдар бір-бірінің нәсіліне, ұлтына, жынысына, жас 
ерекшеліктеріне қарамай, өзара сыйласуға ұмтылуы адамзаттың үлкен жетістігі деп 
бағалануы тиіс. Толеранттылыққа, төзімділікке, ынтымақтастыққа, өзара келісімге ұмтылу – 
Жер жүзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдардың бостандығы мен құқығын сыйлауға, 
бақытты өмірге қадам басуға мүмкіндік береді. (255 сөз) 
1-2. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мәтін мазмұны бойынша түсіндіріңіз. 
Сөз тіркесі 
Мағынасы 
толеранттылық  
төзімділік  
3-4. Көп нүктенің орнына берілген сөздердің қажеттісін қойыңыз. 
бірлікке/жанжалға/ әлемнің/аяққа тапталуына / құрметтеуге/  
А. Ортадағы төзімсіздік, шыдамсыздық түрлі .................., тәртіпсіздікке, адам 
құқығының .................................... алып келеді.                                                    
В. Толеранттылыққа, төзімділікке, .........................., өзара келісімге ұмтылу – 
........................ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдардың бостандығы мен құқығын 
.........................., бақытты өмірге қадам басуға мүмкіндік береді        
[2] 
[1] 
[1] 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.