Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып 3-тоқсан

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып 3-тоқсан

13 ноя 2024, 19:19
RUS / Казахский язык и литература Т2
2
0

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Тапсырмалар түрлері:
Жабық типті тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар,төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып 3-тоқсан

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
Тыңдалым 
1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымның мүшесі атанды. Елімізде 
туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. Олар: этнотуризм, тау туризмі, емдік
сауықтыру туризмі, мәдени-танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б.  
Этнотуризм – Қазақстанның бай тарихи өткені мен қазақ халқының ерекше мәдениетін 
насихаттау арқылы шетелдіктерді тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында 
болмасын жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен  
танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.  
Қазақстан – тау туризмі үшін қолайлы ел. Мұнда бұл салада барлық жағдай жасалған 
деуге болады. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты, табиғатқа саяхатты, қарлы 
тау шыңдарына шығу, сондай-ақ жолай жұмбаққа толы үңгірлер мен көгілдір терең сулы 
көлдерді зерттеуді қамтиды.  
Қазақстанда емдік-сауықтыру туризмін де дамытуға болады. Себебі еліміз тек қана 
емдік-табиғи ресурстарға ғана бай емес, сонымен бірге табиғи өңірлерде орналасқан 
заманауи шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық 
территориясына таралған, сондықтан сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделумен қатар 
демала да аласыз. Емдік курорттар түрлі ауруларға ем болатын минералды су, бұғы 
мүйізімен емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады. 
Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар екен. 
Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы объектілері ЮНЕСКО-ның әлемдік маңызы бар 
ескерткіштері болып танылады және осы ұйымның қорғауында. Сонымен қатар мәдени 
құндылықтардың 2 миллионнан астам бірліктері қазіргі Қазақстан жерінің тұрмыстық 
мәдениетінің дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді. 
Ер адамдар әусе болып келетін ермектердің бірі – аң аулау мен балық аулау. Бұл адам 
мен табиғат арасындағы мәдени байланыстың бір бөлігі сияқты. Нағыз аңшы жануарлар 
әлемі мен оны белсенді қорғау туралы ақпаратқа әрқашан қызығушылық танытады. Сол 
секілді балық аулау да жақсы демалыс. Балық аулағанда адам күнделікті тұрмыс-тіршіліктен 
бір сәтке босап, сергек күйді сезінеді. (259 сөз)  
1. Мәтін мазмұны бойынша екі бағандағы ақпараттарды сәйкестендіріңіз. 
Ақпарат 
Ақпарат 
Сәйкестендіру 
бағаны 
1. Этнотуризм 
А. Еліміздің барлық аймақтарында кең 
таралып, денсаулықты нығайтады. 
2. Тау туризмі 
1- 
В.Құпияға толы тау үңгірлері мен биік 
тауларды бағындырады.  
2- 
4. 
3. Емдік-сауықтыру туризмі С. Ер адамдарға арналған туризм түрі. 3- 
Мәдени-танымдық 
туризм 
Д. Қазақ халқының әдет-ғұрпымен, 
тұрмысымен танысады. 
5. Аң аулау мен балық 
аулау туризмі 
Е. 
4- 
Тарихи жәдігерлер сақталған 
аймақтарға саяхат жасайды. 
5- 
[1]



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.