Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып 3-тоқсан

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып 3-тоқсан

07 ноя 2024, 21:59
RUS / Казахский язык и литература Т2
6
0

3-тоқсанның жиынтық бағалау «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» 9 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. 

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес).

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып 3-тоқсан

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау 
тапсырмалары 
Тыңдалым 
Транскрипт 
«Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы 
бола отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруге, Күн мен желдің энергиясын 
пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық 
мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы түрлерінің тең жартысы 
өндірілуі тиіс», – делінген. Қазіргі кезде Қазақстанда Күн, жел, су энергияларын пайдалану 
жоғары деңгейде емес. Мамандардың есебі бойынша, елімізде баламалы энергия көздерінен 
өндірілетін энергия жалпы энергияның 1 пайызы ғана екен. Еліміздің жер қойнауы мұнай 
мен көмірге, басқа да пайдалы қазбаларға бай болғандықтан, біз энергия тапшылығын көріп 
отырған жоқпыз. Бірақ жер қойнауындағы қазбаларымызды шексіз деп айтуға болмайды. 
Оның экологиялық зардаптары – жеке мәселе... (Ескерту: кідіріс жасалып, оқушы бірінші 
сұраққа жауап беруі керек).  
Профессор Ә.Жамалов күн энергиясын пайдалануға байланысты зерттеу жұмысына 
жарты ғасырға жуық өмірін арнады. Ташкент қаласында жұмыс істеп жүргенінде ол 
баламалы энергия көзін өндіру ісін бастады. Мәскеу қаласының мамандарымен бірігіп, 1000 
шаршы метрлік Күн энергетикалық қондырғысын жасады. Осы қондырғымен екі қабатты 
ғимаратты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етті. Кейін Алматы қаласына келгеннен 
кейін де зерттеу жұмысын жалғастырды. Ол Үлкен Алматы каналын салу құрылысы кезінде 
күн энергиясын пайдаланып, тәулігіне 100-ге жуық адамды ыстық сумен қамтамасыз етті. 
Өкінішке орай, сол кезде жер қойнауындағы пайдалы қазбалар әлі де жеткілікті 
болғандықтан, баламалы энергия көздерін пайдалану қажет болмай қалды.  
Ал 2013-2015 жылдары ол зерттеу жұмыстарының грантын жеңіп алды, сөйтіп шағын 
су электр стансасын іске қосты. Аталған қондырғы EXPO – 2017 халықаралық көрмесінде 
шетелдік мамандар тарапынан өз бағасын алды.  
Ол кісі аталған қондырғыны болашақта жел турбинасымен, күн панелімен біріктіріп, 
әмбебап баламалы энергия көзін жасауды жоспарлап отыр. 
1. Мәтіндегі мәселе бойынша ғалымдардың мақсаты қандай болуы мүмкін?  
A. баламалы энергияны күнделікті өмірге енгізу 
B. зауыттарға ауа тазартқыш фильтрлер орнату 
C. қоқыстарды қайта өңдейтін зауыттар салу 
D. балама энергияны зерттеуге грант жариялау 
2. Бос орындарға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз. 
[1] 
A. «Қазақстан – 2050» стратегиясында ______________________өндіру мақсаты 
қойылады.  
[1] 
B. Жер қойнауымыз ________________________ бай болғандықтан, біз энергия 
тапшылығын көріп отырған жоқпыз. 
[1] 
C. Профессор ғылыми-зерттеу грантын жеңіп, нәтижесінде _______________________ 
іске қосты 
[1] 
3. Сіздің ойыңызша, Стратегияда көрсетілген мақсат 2050 жылға қарай толық жүзеге асады 
ма? Неге?



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.