Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып 1-тоқсан

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып 1-тоқсан

07 ноя 2024, 21:52
RUS / Казахский язык и литература Т2
6
0

1-тоқсанның жиынтық бағалау «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» 9 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. 

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес).

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып 1-тоқсан

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау 
тапсырмалары 
Тыңдалым 
Транскрипт 
«Күлтегін» жыры жер мен көктің, адам баласының жаралуы туралы философиялық 
толғаудан басталады. Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін 
батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет 
орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі 
елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, 
соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас 
алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен 
бейнеленген. 
Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр 
қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі 
елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. 
Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны еңкейтті, Тізеліні бүктірді», – дейді. Солай 
жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені 
«Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге 
жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты 
идеясы түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба 
жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр 
қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу 
салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, 
тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады. 
«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік 
дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия 
ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды. 
1. Осы жыр қандай философиялық толғаудан бастау алады?  
A. батырлар өмірін көпке жария етуінен 
B. атақты адамдардың өмірін дәріптеуінен 
C. аспан мен жердің, адамзаттың жаралуынан  
D. түркі халықтарының өмірін насихаттауынан 
2. Қуатты мемлекет орнатып, түгел түркінің басын қосқан кім?  
A. Білге 
B. Бумын 
C. Күлтегін 
D. Темір 
3. Күлтегінді жоқтауға кімдер келген?  
A. хандар, уәзірлер 
B. сұлтандар, хандар 
C. елшілер, батырлар 
D. билеушілер, тайпалар 
[1] 
[1] 
[1] 
4-5. Перифразбен берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнға сай 2 ақпараттарды анықтаңыз. 
Сәйкес тұжырым тұсына «+»/«-» белгісін қойыңыз.  
[2]



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.