Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 3 тоқсан «ЭКСПО-2017»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 3 тоқсан «ЭКСПО-2017»

07 ноя 2024, 21:57
RUS / Казахский язык и литература Т2
9
0

Жиынтық бағалау «ЭКСПО-2017»

Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 3 тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша жиынтық ағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 3 тоқсан «ЭКСПО-2017»

«ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 
Сөйлеу әрекетінің түрлері 
Оқу мақсаты 
Бағалау критерийі 
Ойлау дағдыларының  
деңгейі 
Орындау уақыты 
Тапсырма 
Тыңдалым  
Айтылым 
9.1.3.1 
Әлеуметтік-қоғамдық 
тақырыптар 
аясында 
айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну 
9.2.5.1 Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып 
бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, 
полилогте сенімді сөйлеу 
Білім алушы: 
 Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді 
 Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай 
диалог, полилогке қатысады 
Білу және түсіну 
Қолдану 
15-20 минут 
1. Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз. 
Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу 
рәсімінде сөйлеген сөзінен үзінді: 
«ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтті. Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер 
етті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Елорда бюджетіне қызмет 
көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің 
назарын өзіне аударды. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді. 
ЭКСПО бүкіл әлемнің зияткерлік және технологиялық потенциалын көрсетуге 
мүмкіндік берді. Мұнда баламалы энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми 
жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» 
технологияларды дамыту идеясын қолдайтынын тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің 
көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына 
сенімдімін. 
«ЭКСПО» көрме кешені инновациялық мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. 
Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп 
жариялаймын! 
1. ЭКСПО өткізіліп жатқан уақытта туристік қызметке деген __________ 1,8 есе өсті. 
2. Көрме барлық елдің _______________________ потенциалын көрсетуге жол ашты. 
3. Халықаралық көрме өткізу арқылы еліміз «жасыл» технологияларды __________ 
дәлелдеді. 
4. Көрме кешені _____________________ мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. 
2. Жұбыңызбен «ЭКСПО-2017 көрмесі бізге не берді?» деген сұрақ бойынша диалогке 
түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.