Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017»

БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017»

05 ноя 2024, 21:23
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
74
0

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 9-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017»

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.3.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік
мәселелермен байланыстыра білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтін ақпаратын өмірлік мәселелермен
байланыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.
Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігі
Ширек ғасырдан астам уақыт әлемдік тарих үшін қас-қағым сәт! Биыл бір ғана
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу арқылы егемен Қазақстан өзінің есімін
жаһандық жылнамаға жазды. Осының бәрі Қазақстанның мемлекеттілігінің негізін қалап,
туған халқын баянды тәуелсіздікке жетелеген Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаевтың өміршең идеялары мен баянды бастамаларының жемісі.
Елімізді әлем таныған шақта сан түрлі жетістіктеріміз де жетерлік. Солардың бірегейі
– «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі.
10 маусым – 10 қыркүйек аралығында жаһан жұрты Еуразияның кіндігіндегі Қазақ
Елінің бас қаласына көз тікті. Тәуелсіздігінің 27 жылдығына аяқ басқанда еліміз
халықаралық деңгейдегі аса ауқымды, жауапты шараны зор абыроймен өткізді. Қуанарлығы
сол, 155 мемлекет, 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өткен көрмеден 4 миллионға
жуық адам ұмытылмас әсер алып қайтты.
Орнықты дамудың даңғылына түскен Қазақстан өз жолынан жаңылмайтынын
дәлелдеді. Тәуелсіз Қазақ Елінің бүгінгі табысының екі алтын тұғыры бар. Бірі – Ұлы
Далада жаңа мемлекет құрған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясаты,
екіншісі – өз көшбасшысының айналасына топтаса білген Қазақстан халқы. Бүгінгі
ұрпақтың пешенесіне жазылған ең үлкен бақыт – тәуелсіздігіміз баянды болсын!
1. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне саяхат»
тақырыбында естеліктеріңізбен бөлісіңіз. Қандай сәттер есте ерекше қалды?
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі – тәуелсіз
Қазақстанның мақтанарлық жетістіктерінің бірі. Өз тарапыңыздан мәтін тақырбына орай
Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігін ойластырыңыз.
_______________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.