Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып 2-тоқсан

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып 2-тоқсан

07 ноя 2024, 21:55
RUS / Казахский язык и литература Т2
102
0

2-тоқсанның жиынтық бағалау «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» 9 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. 

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес).

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып 2-тоқсан

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау 
тапсырмалары 
Еліңнің дамуы мен дағдарысы 
Ол дағы Ата Заңға байланысты! 
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына, 
Тікелей әсер еткен ғұмырына. 
Тыңдалым 
Транскрипт 
Айбатыр Сейтақтың «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» өлеңін мұқият тыңдап, сұрақтарға 
жауап беріңіз. 
Азат елдің ар-намысы – Ата Заң, 
Еліне арналатын тілегі шын, 
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің! 
Іргесін туған елдің тіреп тұрған. 
Қадірін Ата Заңның білемісің?! 
Ешкім де мін таға алмас елдігіме! 
Дауласып жармаспайды белдігіме. 
Бойында Ата Заңның өріліп тұр. 
Даламның кеңдігі де, теңдігі де! 
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам, 
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған. 
Қоғамның сан саласын реттейтін, 
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған. 
Бастайтын болашаққа бақ кемені, 
Осы жол – халықтың да нақ сенері! 
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға 
Елбасы қолын қойып Ант береді. 
Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті, 
Ел үшін кім тындырар қайран істі?! 
Айналды Ата Заңым мызғымайтын 
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына! 
Әр бабы, әр тармағы жойылмайды, 
Шектеу де және тегін қойылмайды! 
Келісімшарт жасасқан барлық шет ел 
Қазақтың Ата Заңын мойындайды! 
Өмірден әділдік пен бақ табатын, 
Құқығым қорғалды деп шаттанатын, 
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп 
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын! 
Өркендеп өз қолына алған ісі, 
Биікке қазағымның самға, құсы! 
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген 
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы! 
1. Өлең кімдерге арналған (мақсатты аудиториясы)? Себебін көрсетіңіз. 
________________________________________________________________________________ 
________________________________________________________________________________ 
[1] 
2. Қайсысы мәтіннің негізгі идеясына жатпайды?  
A. Ата Заңды құрметтеуге шақыру  
B. Ата Заңның келешегіне сендіру 
C. Ата Заңның артықшылығын жеткізу 
D. Ата Заңды шетелдіктерге мойындату 
3. Автор көзқарасы қай қатарда көрініс табады? 
A Әрбір заң Ата Заңнан туындаған. 
B Елбасы қолын қойып Ант береді. 
С Келісімшарт жасасқан барлық шет ел 
D Биікке қазағымның самға, құсы! 
[1] 
[1] 
4-5. Перифраздалған сөйлемдерден мәтінде айтылған 2 дұрыс мәліметті анықтаңыз. [√] 
белгісін қойыңыз.  
A Елдігімізге ешкім де мін таға алмайды. 
B Ата Заңның бойында даланың кеңдігі де, теңдігі де көрініс табады. 
C Елдің дамуы мен дағдарысы Ата Заңға әсер етеді. 
D Ата Заңның әр бабы, әр тармағы ойластырылып жасалған. 
[ ] 
[ ] 
[  ] 
[  ]



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.