Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 1 тоқсан «Отан отбасынан басталады»

БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 1 тоқсан «Отан отбасынан басталады»

30 окт 2024, 22:00
RUS / Казахский язык и литература Т2
7
0

«Отан отбасынан басталады» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Қазақ тілі Т2 5 сынып 1 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың  «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 


БЖБ  Қазақ тілі Т2 6 сынып 1 тоқсан «Отан отбасынан басталады»

Бөлім «Отан отбасынан басталады»  
Сөйлеу әрекетінің түрлері 
Оқу мақсаты 
Бағалау критерийі 
Ойлау дағдыларының  
деңгейі 
Орындау уақыты 
Тыңдалым 
Айтылым 
6.1.1.1.Тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау 
арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау 
6.2.2.1.Тақырып бойынша диалогті  бастау, жалғастыру, 
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті 
формаларын білу 
Білім алушы 
• Мәтін бөліктері, тірек сөздер негізінде тақырыпты, 
мәселені болжайды 
• Диалогке қатысуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті 
формаларын қолданады 
Қолдану 
15-20 минут 
Тапсырма 
1. Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. 
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар 
отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп
өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы 
қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.  
Тірек сөздер:  
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім
бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан 
Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың  
құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. 
Ата-ана балаларының  тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке
шешелері  қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті. 
Тірек сөздер:  
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені 
тыңдайды.  Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да  ананы сыйлайды. Әке мен шеше 
ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. 
Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді. 
Тірек сөздер:  



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.