ТЖБ 11-сынып Құқық негіздері 1-тоқсан (ЖМБ) жауаптар
Құқық негіздері 11 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Құқық негіздері» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (11-11 сыныптар)
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 11-сынып Құқық негіздері 1-тоқсан (ЖМБ) жауаптар
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Тест тапсырмаларын орындаңыз
1.1 Төменде берілген түсініктердің арасынан саяси жүйенің элементін анықтаңыз.
А) Демократия
В) Плюрализм
С) Автаркия
D) Саяси партия
1.2 Саяси жүйенің басты элементі, қоғамды басқарушы күрделі саяси ұйымды атаңыз.
А) Кәсіподақ
В) Мемлекет
С) Өндірістік кооператив
D) Акционерлік қоғам
1.3 Азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті
негізде құрған саяси жүйенің элементі.
А) Қоғамдық қор
В) Қоғамдық қозғалыс
С) Қоғамдық бірлестік
D) Қоғамдық пікір
[3]
2. Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Құқықтық
жағдаят
1. Отыз жастағы азамат Б. өзінің материалдық жағдайын заңсыз жолмен
жақсартқысы келеді. Ол үшін жақсы танитын он бес жасар азамат Д.-ны
қорқытып, заңсыз әрекетіне бірге жасауға мәжбүрлейді. Түнгі уақытта
азамат Б. күзетшіні ұрып, алаңда тұрған құрылыс материалдарын азамат Д.
екеуі тонап кетеді.
Кәмелет
жасқа
толмаған
адамның
құқығын
қорғау
механизмдері
Court? - қарастыратын сот. Бұл жағдайда кәмелет жасқа толмағандардың
ісін қарайтын арнайы мамандандырылған ювениалды сот.
Protection? – қорғау. Кәмелет жасқа толмаған өзінің құқығын қорғау үшін
жүгіне алатын тұлға.
Бұл жағдайда ол адвокат қызметіне тегін немесе ақылы негізде жүгіне
алады. Сонымен қатар заңды өкілі қорғауды жүзеге асырады.
Supervision? - бақылау. Кәмелет жасқа толмағандар жасаған қылмысты
тергеу барысына бақылауды жүзеге асыратын арнайы прокурор. Бұл
жағдайда кәмелет жасқа толмаған адамға қатысты жүргізілетін тергеу
амалдарының заңға сәйкестігін бақылайды.
Police? – полиция. Құқық қорғау органдары жүйесінде кәмелет жасқа
толмағандардың құқығын қорғайтын арнайы ювеналды полиция қызмет
етеді.
1. Жоғарыда берілген жағдаятта кәмелет жасқа толмаған адам өз құқығын қалай қорғай
алады? Құқығын қорғаудың үш механизмін жазып көрсетіңіз.
А)__________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
В) __________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
С) __________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
[3]
топқа қосылу