ТЖБ 10-сынып Құқық негіздері 1-тоқсан ЖМБ жауаптар
Құқық негіздері 10 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Құқық негіздері» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 10-сынып Құқық негіздері 1-тоқсан ЖМБ жауаптар
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1.1. Құқықтық норма дегеніміз:
A) мемлекет бекіткен заңдық норма
B) заң негізінде жүзеге асырылатын тәртіп ережелері
C) қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып
отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже
D) заңның үстемдігі және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандығының ақиқаттылығы
1.2. Құқық салалары:
A) қоғамда танылған әрекет мүмкіншілігі немесе негізделген, расталған бостандық
B) мемлекеттік билікпен орнатылған және онымен қоғамдық қатынастардың бекітілуі
мен дамуы толықтай қорғалатын нормалар жүйесі
C) үстем таптың мазмұны өмірдегі материалдық жағдаймен анықталатын билеуші
таптың заңға айналған еркі
D) бұл белгілі бір әдістер арқылы қоғамдық қатынастардың бір саласын сапалы түрде
реттейтін құқық нормаларының жиынтығы
1.3. Құқық институттары:
A) бұл белгілі бір әдістер арқылы қоғамдық қатынастардың бір саласын сапалы түрде
реттейтін құқық нормаларының жиынтығы
B) заңның үстемділігі және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандығының
ақиқаттылығы
C) реттеуші, қорғаушы бұл құқықтық сала ішінде немесе ішкі саладағы белгілі бір
қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың топтық жиынтығы
D) қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып
отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже
1.4. Субъектіге белгілі бір мазмұндағы іс-әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма :
А) міндеттейтін норма
В) тиым салушы норма
С) құқық беруші
D) дефинитивті норма
1.5. Құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны
көрсететін құқықтық норманың бөлшегі:
А) гипотеза
В) диспозиция
С) санкция
D ) норма
[5]
2. Тұжырымдардың «ақиқат» не «жалған» екендігін анықтаңыз.
№ Сипаттамасы А Ж
1 Құқықтық қатынастардың субьектілері - бұл құқықтық
қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді
топқа қосылу