ТЖБ 11-сынып Қазақстан тарихы 3-тоқсан жауаптар
Қазақстан тарихы 11 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (11 сыныптар)
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 11-сынып Қазақстан тарихы 3-тоқсан жауаптар
«Қазақстан тарихы» пәнінен Ш тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.1.«Алаш» ұғымының шығуы немен байланысты?
a) Қазақтың ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы
b) Аңыз бойынша ертедегі ханның алты ұлына байланысты оқиға
c) Мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сипаты
d) Қалмақтарды қорқыту үшін қолданылған ұран
1.2. «Алаш» ұлттық идеясының туындау себебі неде?
a) Бірінші дүниежүзілік соғысқа қазақтардың қатысуы
b) Отарлық езгіде болған елдің санасын оятудағы құрал
c) Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігін алуға бастау
d) Ауызекі айтылуға жеңіл болғандықтан
1.3. «Алаш» партиясы қандай ұлттық мәселелерді көтерді?
a) Ұлттық экономиканы дамыту
b) Дәстүрлерді жандандыру
c) Автономия алу
d) Шекараларды бекіту
1.4. Қазақ ұлттық саяси партиясын құру қандай жиында талқыланды?
a) Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше V съезінде
b) Орынбордағы Жалпы қазақ съезінде
c) Бүкілтүркістандық төтенше IV съезінде
d) Семейдегі облыстық съезде
[4]
2. «Мәңгілік ел» идеясынның елді біріктіруші ретіндегі маңызын жазыңыз
Құндылықтар Маңызы
Қазақстанның тәуелсіздігі мен астанасы
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік
пен келісім
Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы
[5]
3. Дереккөздерді және өз біліміңізді қолданып, қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуына
үлес қосқан тарихи қайраткерлерді бағалаңыз.
А дереккөзі
Әл Фараби «Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi
орнықтыратын — iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам
екiншi адамның өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру
арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi.
Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, Фарабидiң айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау,
көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне айналады».
В дереккөзі
«Диуани лұғат ат түрік» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте
адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды
және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді. Махмұд Қашғари онда тәлім-тәрбие,
дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтады. Мәселен,
«Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге
топқа қосылу