ТЖБ 11-сынып Химия 2-тоқсан (КГБ) жауаптар
«Химия» 11 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (11-11 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын11тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ 11-сынып Химия 2-тоқсан (КГБ) жауаптар
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Химия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Алкадиендердің жалпы формуласы:
A) CnH2n +2
B) CnH2n
C) CnH2n - 2
D) CnH2n-6
[1]
2. Алкиндер қанықпаған көмірсутектерге жатады.
Ацетилен қатарына тән реакциялардың типін жазыңыз:
[1]
3. Диаграммада этилен мен бензолдың орбитальдік модельдері көрсетілген. Бұл диаграммада
екеуінің құрылысының ұқсастығы байқалады, дегенімен этиленге қарағанда бензол қосылу
реакцияларына қиын түседі.
Себебін түсіндіріңіз:
[1]
4. (a) Бензол берілген заттардың әрқайсысымен әрекеттеседі:
A) C2H5OH, Br2, H2;
B) H2SO4; CH3Cl, Br2;
C) HNO3; Br2; O2
D) C3H7OH, Br2, H2O;
[1]
(b) Таңдаған қатардағы реагенттің біреумен бензолмен әрекеттесу реакция теңдеуін
құрыңыз.
[2]
топқа қосылу