Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 4-тоқсан КГБ жауаптар «Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер»

БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 4-тоқсан КГБ жауаптар «Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер»

13 ноя 2024, 20:22
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
2
0

«Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 11-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 4-тоқсан КГБ жауаптар «Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер»

«Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында
дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу,
шешен сөйлеу
Бағалау критерийі Білім алушы
Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен
сөйлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.
ХХІ ғасырдағы қазақ киносы ұлттық мүддеге не береді?
Өткен ғасыр мен бүгінгі ғасырды қай жағынан алып қарасақ та бір – бірімен салыстыру
қисынсыз екені анық. Көп нәрсе өзгерді. ХХІ ғасыр ұлттық мүдделер арасындағы мәдени,
сондай-ақ рухани-идеологиялық күрес кезеңіне айналып отыр. Сол бір күрес майданындағы
жойқын күшке ие қарулардың бірі деп – экран, әсіресе, телеэкрандардағы түрлі шетелдік
киноларды қоғамның қалт жібермей отырып көретінін айтсақ та жеткілікті. Демек ХХІ ғасыр
– ұлттардың, сондай-ақ өркениеттер мен мәдениеттердің бірін-бірі телеэкран арқылы жаулау
кезеңі.
Кезінде Ленин: “Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыздысы – кино!” – депті. Бұл
сөз тегін айтылмаса керек. Бірнеше ұлттың психологиясы мен санасын кино арқылы
өзгертіп, оларды тек бір ғана идеологиямен ұстаудың құралы ретінде киноны алып, кино
саласына осыншалықты жоғары баға беруінде үлкен мән жатқанын аңғару қиын емес. Бүгінгі
күні кино көрмейтін бірде-бір адам жоқ шығар. Еңкейген қарттан еңбектеген баланың сүйікті
сауығы бүгінде теледидар алдында тапжылмай кино көру болып отыр.
Жоғарыда айтылған ойларымызды негізге ала отырып, тәуелсіз еліміздің осы бір кино
саласына байланысты жағдайына көз жүгіртсек. Осы ретте жарыққа шығып жатқан отандық
кино туындыларға байланысты марқайып мақтанатын да, мұңайып мазасызданатын да
тұстар баршылық. Алдымен сыннан бастасақ, мысалы, «Келін», «Қарой», «Махаббат тәлкегі
(Ирония Любви)», «Ойпырмай», «Әке қорлығы», «Тюльпан» фильмдерінде ұлттық көрініс
былай тұрсын, қай ұлттың киносы екендігін ажырату қиын. Кейбірінен мүлдем ұлтымызға
жат көріністер көрсек, кейбірінен мүлдем мазмұн мен актерлық шеберлік дегенді таба
алмаймыз. Ол фильмдердің қазақтың салтында жоқ дәстүрлерді насихаттап, азғындықты,
арсыздықты көрсету арқылы халықтың санасын бұзбаса, түзетеді деп ойламаймыз. Белгілі
бір шетелдік жүлде мен мүддеге бола құрылған бұл секілді фильмдер қаншама жүлде алып
жүрсе де, қазақ киносының жұлдызы болып жарқырай алмайды. Өйткені, оның соңында
«Халық көңілі» деген қазы тұр, көрермен көзі деген таразы тұр.
Бүгінгі режиссерлар қазақ болмысын бұрынғы режиссерлар сияқты сезіне
бермейтіндіктен, ұлтқа деген құрметтері де аз секілді. Бір түсінбейтінім, неге осы қазақ
режиссерларының ішіндегі ешқайсысының қазақ хандары мен батырлары жайлы тарихи
кино түсіруге талпыныстары жоқ? Осыншама жеріміз бен байлығымызды найзаның ұшымен
қорғап келген, бүгінгі ұрпаққа өнеге болар батыр бабаларды дәріптеуден киногерлер ұтпаса
ұтылмасы анық қой. Өйткені соғыс пен тарихи жанрдағы фильмдерге қашанда көрермендер




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.