Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 3-тоқсан КГБ жауаптар «Табиғат және экология. Шешендік сөздер»

БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 3-тоқсан КГБ жауаптар «Табиғат және экология. Шешендік сөздер»

13 ноя 2024, 20:21
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
7
0

«Табиғат және экология. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 11-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 3-тоқсан КГБ жауаптар «Табиғат және экология. Шешендік сөздер»

«Табиғат және экология. Шешендік сөздер», «Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау.
Шешендік сөздер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.2.6.1
11.3.6.1
белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын
жүйелі қолдана білу
әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды
ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең,
әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу
Бағалау критерийі Білім алушы
Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі
қолданады
Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданып, әңгіме жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары ойлау дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі негізгі, деталды ақпараттарды, ұлттық құндылықтарды
жіктеп, кестеге түсіріңіз.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесi тек ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ғана
емес, өз дәуірінің бай тарихи мұралары сақталған киелi орын ретiнде де тарихта белгiлi. 1978
жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде ашылып халыққа қызмет
көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болған.
Музей қорына қабылданған алғашқы жәдігерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ХIV
ғасырдан сақталған, Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған қола және ағаш бұйымдар. Олар
тайқазан, шырағдандар және қазандық, қабірхана есіктері, олардың қола халькалары мен
балғашалары.
Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлер қатары келген адам ғимарат ішіне кіретін
есіктерден бастау алады. Жәдігер есіктер: жамағатхана бөлмесінің есігі – «Қақпа» және
қабырхана есігі – «Қапсырма». Шеберлер есіктің берік және әсем жасалуымен қатар, рәміздік
мән-мағынасын арттыру үшін оған символдық мәнге ие ою-өрнектер, терең мағыналы
хадистер мен нақыл сөздердің бедерленуіне көңіл бөлген. Есіктер екі бетінен ағаш, сүйек,
алтын, күміс әшекей-өрнектермен өрнектелген.
Қоладан құйылып, алтын күміс жалатылған алты шырағдан мен есік тұтқалары да халық
өнерінің лағыл маржандарының қатарына жатады. Бұларды жасаушы шебер исфаһандық
Таджед-Дин ұлы Изеддин. Қола тұтқада хижраның 797 жылы жасалғандығы көрсетілсе, Қола
шырағдандардағы жазулар хижраның 799 жылғы 20 рамазанында Әмір Темірдің
тапсырысымен жасалғандығы жазылған.
Музей қорының этнография тобында Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлерден
бастап ХХ ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын қазақтың қолөнер қазыналарының небір тамаша
үлгілері сақталуда. Этнография бөліміндегі қазақтың қолөнер туындыларынан кесте-тоқыма
бұйымдар, ағаштан, теріден жасалған ыдыс-аяқтар мен үй жиһаздары, құмандар мен
самаурындар, әсіресе, тек күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың бірін-бірі қайталамайтын
800-ден аса түрлері кездеседі. Олар халқымыздың XVIII-XIXғғ. қолөнер туындыларын сол
қалпында сақтап қайта елге алып келгендiгiмен және кейбiреулерi өздерi тiршiлiк еткен елдiң
мәдениетiн далалық қазақ мәдениетiне сiңiрiп, синтезделiп келген мә




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.