ТЖБ 10-сынып Биология 4-тоқсан жауаптар (ЖМБ)
«Биология» 10 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Биология» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-10 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ 10-сынып Биология 4-тоқсан жауаптар (ЖМБ)
«Биология» пәнінен 4 тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1. Іс-әрекет потенциалы уақытында нейрон реполяризациясында болатын үрдіс.
Натрий иондарының
каналдары
Калий иондарының
каналдары
Мембрана потенциалы
A Жабық Ашық Төмендейді
B Ашық Жабық Төмендейді
C Ашық Жабық Жоғарылайды
D Жабық Ашық Жоғарылайды
[1]
2. Жұлынның сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіздері деп атайды. Артқы мүйізінде
рефлекторлық доғаның қай нейрондары орналасады?
А) сенсорлы нейрон
B) аралық нейрон
C) афференттік нейрон
D) эфференттік нейрон
[1]
3. Пачини денешігінің миелинденген талшығының негізгі қызметін анықтаңыз.
A) қоздырғыштарды қабылдау
B) қоздырғышты тоқтату
C) әрекет потенциалын тасымалдау
D) әрекет потенциалын тудыру
[1]
4. Жүрек циклының кезеңдері қандай?
A) систола және диастола
B) систола, жүрекшенің систоласы, қарыншаның систоласы
C) жүрекшенің систоласы және қарынша систоласы
D) дисатола және систола
[1]
5. Саркомерлердегі жіңішке жіпшелерге сәйкес келетін нәруызды анықтаңыз:
A) миозин
B) актин
C) миоглобин
D) гемоглобин
[1]
6. Дененің қимыл-әрекеттерін, тепе-теңдікті сақтау мен бұлшықеттердің тонусын реттейтін
орталықтар мидың қай бөлімінде орналасқан?
А) сопақша ми
B) ортаңғы ми
C) аралық ми
D) мишық
[1]
7. 1-суретте сүтқоректілердің жүйкелік реттелу нәтижесіндегі бұлшықеттің жиырылуы
топқа қосылу