Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 4-тоқсан ҚГБ жауаптар

ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 4-тоқсан ҚГБ жауаптар

11 ноя 2024, 16:03
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
4
0

«Қазақ әдебиеті» 10 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10 сынып

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 4-тоқсан ҚГБ жауаптар

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. Роман сюжетіне арқау болған негізгі оқиғаны көрсетіңіз.
A. қазақтың көшпенді өмірі, отырықшы өмірге үйренуі
B. орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі
C. шекара бөлісінің қазақ жеріндегі ел басқару жүйесіне әсері
D. қытайлардың қамал-қорғандарын соғуы
[1]
2. «Тәуекел той» әңгімесіндегі «...Ата дәстүрін білмеген албастылар, қай қазақ бұрын
тойға гүл ұстап келуші еді? Гүл дегенің кәдімгі шөп. Аш сиыр болмаса, мұндайды мал да
жемейді. Бірер күннен кейін өрт шалғандай бүрісіп, қарайып қурап қалады. Көп қабатты
үйден шығарып, қоқысқа тастап құр бекер әуре боласың?». Үзіндідегі қай кейіпкердің
сөзі?
А. Төрегелдінің
В. Жеңіскүлдің
С. Керімқұлдың
D. Төкеңнің
[1]
3. "Томирис" драмасында сақ қызының қандай ерлігі сипатталады?
A. Кир патшасының еліне барып, ерлікпен жерін басып алады.
B. Кир патшасының әскерін ойсырата жеңіп, жеңіске жетеді.
С. Кир патшасымен қанды шайқаста жекпе жекте жеңіске жетеді
D. Кир патшаның басын қанға бөктіріп, еліне қайтарады.
[1]
4. «Тағдыр» романындағы «...Ас пен тойға бару дегеніңіз – ет жеп, қымыз ішіп қайту
емес, ел көру, жұрт тану болмақ. Ертең сенің алысатын да, аңдысатын да адамдарың
солар болады» үзіндісі арқылы автор қандай ойды астарлайды?
А. Елмен араласу
В. Баланы тәрбиелеу
С. Ұлттық құндылық
D. Қазақы мінез
[1]
5. «Тағдыр» романындағы орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі қазақтың қай
аймағында орын алғанын көрсетіңіз.
A. Құлжа
B. Шәуешек
C. Тарбағатай
D. Шар-Қызылсу
[1]




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.