БЖБ 10-сынып Қазақ әдебиеті, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Тарих тағылымы»
«Тарих тағылымы» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ әдебиеті» 10-сынып 4-тоқсан
Әдістемелікұсыныстармұғалімге 10-сыныпоқушыларына«Қазақәдебиеті»пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалаудыңтапсырмаларымұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
БЖБ 10-сынып Қазақ әдебиеті, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Тарих тағылымы»
«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану
10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау
жасау арқылы шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме )
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
Үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады
Көтерілген мәселені анықтап, шығармашылық
жұмыс жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасынан алынған үзіндіні мұқият оқып,
қарамен берілген Мүсіреповтың сөзіне талдау жасаңыз.
Нұрхан: Апыр-ай, Сталиннің жаны ашымаса, құдайдың да жаны ашымағаны ғой.
Мүсірепов: Солай болғаны да. (Ойланып.) Ал Голощекиндікі көпе-көрнеу зорлық.
Зорлықтың түбі – қорлық. Қорлықтың түбі – қу тақыр. Соны да көрдік біз пақыр.
Нұрхан: Голощекин біздің жерді өртей беретіндей не жаздық? Осы өрттің отына бассирақ үйіте ме, қайтеді? Сондай бір зымиян ойы жоқ па?
Мүсірепов: Елдің – егесі, бөрінің – тәңірісі бар. Мәскеудегі азаматтарымыз: Рысқұлов,
Нұрмақов... қарап қалмас.
Нұрхан: Ал... Алматыдағы азаматтар не бітіріп отыр? Тек бас шұлғи бере ме?
Мүсірепов (күрсініп, алысқа қарап): Ұлық өзінен акылдыны ұнатпайды. Орнымды алып
қояды деп қорқады. Біздің бетке ұстар, білімді, арлы азаматтарымызды Голощекин
сырттатып жіберді. Алматыда қалғандарына күн көрсетпейді. Ал соның сөзін сөйлеп,
сойылын соғатын Құрамысов сияқтылар қомпиып отыр.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
2. Үзіндіден ақпараттар қолдана отырып, «Ұлық өзінен ақылдыны ұнатпайды» деген
ойды ашып жазыңыз, көзқарасыңызды білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
3. «Балым (торыққандай). Әй, білмеймін, енді ел болып оңбаспыз да...
Мүсірепов (өтінгендей). Олай деме, жеңеше. Омыртқаң опырылса да, рухың сынбасын»
Сол бір азапты басынан кешіріп жатқан адамдарға арнап, рухтандыратын,
жігерлендіретін мәтін (шығармашылық жұмыс, өлең т.б) жазыңыз.
______________________________________________________________
топқа қосылу