Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану»

БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану»

05 ноя 2024, 21:36
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
4
0

«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 9-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану»

«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарымқатынасын анықтауға арналған талқылау
сұрақтарын құрастыру
9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын
ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер
құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын
құрастырады
 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Баламалы энергия көздері
Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Бұл үдерістен
Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін
өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді
енгізуге тиіспіз»,- деген еді.
Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану жоғары
дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша, елімізде жалпы
жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1% екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы
табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды,
дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз.
Қазақстанның климаттық жағдайы – күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың
айтуынша, елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат.
Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Мәселен, күн сәулесін
жинайтын арнайы тақталар. Толық автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан
шықпай-ақ, күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға
мүмкіндік береді. Бұл арзан әрі қолайлы.
Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге
және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз,
сондықтан баламалы энергия көздеріне қазірден бастап баса назар аударылуы тиіс.
1. Мәтін оқырманға қалай әсер етуі мүмкін? Оқырманға қандай ой тастайды деп ойлайсыз?
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2. Оқырманның қарым-қатынасын анықтау үшін талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.
Берілген тірек сөздерді қолданыңыз.
Тірек сөздер Сұрақтар
... қалай ойлайсыз?
Неліктен ... мәселе орын алды?
... келісесіз бе? Сіз бұған қалай
қарайсыз?




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.