БЖБ Физика 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Жылу құбылыстары»
«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физика» 8-сынып 1-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған
БЖБ Физика 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Жылу құбылыстары»
«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 8.3.1.1 – молекула-кинетикалық теорияның негізгі
қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және
тәжірибені сипаттау
8.3.1.2 – температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий,
Кельвин) бойынша өрнектеу
8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру
8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген
жылу мөлшерін анықтау
8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін
анықтау
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі
қағидаларын қолданады
• Температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий,
Кельвин) бойынша өрнектейді
• Жылу алмасу процесі кезінде алған / берген жылу
мөлшерін анықтайды
• Жылу берілудің түрлерін салыстырады
• Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Контейнерлерде бірдей газдың молекулалары берілген. Дөңгелекшелер газ
молекулаларын, бағдаршалар газ молекулаларының қозғалыс бағытын және жылдамдығын
сипаттайды. Ұзын бағдарша жоғары жылдамдықты сипаттайды.
Қай контейнердегі газдың тығыздығы жоғары және температурасы төмен?
[1]
2. Абсолют нөл температураның мәні қандай?
А) 273 °С
В) 100 °С
С) 0 °С
D) -273 °С
[1]
топқа қосылу