Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » БЖБ 10-сынып Физика, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Газ заңдары» және «Термодинамика негіздері»

БЖБ 10-сынып Физика, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Газ заңдары» және «Термодинамика негіздері»

12 ноя 2024, 16:31
KAZ / Физика kaz
58
0

«Газ заңдары» және «Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 10-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 10-сынып Физика, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Газ заңдары» және «Термодинамика негіздері»

«Газ заңдары» және «Термодинамика негіздері» бөлімдері бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаттары 10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және
изопроцестер графиктерін ажырату
10.2.3.1 - термодинамиканың бірінші және екінші заңының
мағынасын түсіндіру
10.2.3.2 - жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі
мен қолданылуын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Изопроцестерді сипаттайды және графикті
тұрғызады
 Идеал газ күйінің теңдеуін қолданады
 Термодинамика заңдарын түсіндіреді
 Жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Суретте газ күйінің өзгеру графигі берілген.
(a) Графикке сүйене отырып, кестедегі бос ұяшықтарды толтырыңыз.
Изопроцестің атауы Заңнын атауы Формула
изобара
Шарль
𝑃1𝑉1 = 𝑃2𝑉2
(b) Суретте берілген газ күйінің өзгерісін 𝑝(𝑇) графигінде тұрғызыңыз.
2. Идеал газдың қысымы p және көлемі V. Осы газ үшін төмендегі өрнек берілген.
𝑝𝑉 =
1
3
𝑁𝑚𝜗̅2
(a) Келесі шамаларға анықтама беріңіз:
i. N - ………………………………………………………
ii. 𝜗̅- ………………………………………………………
(b) Ішінде гелий газы бар көлемі 2,4 ∙ 104
см3 цилиндр ішіндегі қысым 6,2 ∙ 105 Паға тең. Ал температурасы 150С. Гелийді идеал газ ретінде қарастырамыз. Гелийдің
мөлшерін анықтаңыз.
3. Суретте температуралары әртүрлі бір-біріне жанастырыла орналасқан денелердің жылу
алмасу бағыттары көрсетілген. Алайда, бағытшалардың біреуі қате. Сол бағытшаны
белгілеп көрсетіңіз және жауабыңызды дәлелдеңіз.




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.