БЖБ Алгебра 7-сынып 2-тоқсан жауаптар «Статистика және мәліметтерді талдау»
«Статистика және мәліметтерді талдау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Алгебра 7-сынып 2-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім /ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Алгебра 7-сынып 2-тоқсан жауаптар «Статистика және мәліметтерді талдау»
«Статистика және мәліметтерді талдау» бөлім бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Вариациялық қатар
Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік
кестесі
Жиілік алқабы
Оқу мақсаты 7.3.3.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы
жиіліктерін есептеу
7.3.3.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
Нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы
жиіліктерін есептейді
Таңдаманы жиілік кестесі түрінде ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Ғылыми жобалар сайысына қатысушылар тақырыптары бойынша 8 секцияға
іріктелді. 50 қатысушының секцияларға таралуы жиілік кестесі түрінде берілді.
Қалып кеткен жиілік мәнін табыңыз.
Секциялар 1 2 3 4 5 6 7 8
Жиілік 3 4 5 12 8 6 3
2. Кестеде қыркүйек айында жарыққа шыққан 9 фильмнің орталық кинотеатрда неше рет
көрсетілімде болғаны келтірілген. Ең танымал фильмнің салыстырмалы жиілігін
табыңыз.
Нұсқалық 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Жиілік 5 3 6 12 11 8 5 4 6
3. 7-сыныптың оқушылары қанша үй жануарын ұстайтыны туралы мынадай мәліметтер
берді:
1 0 1 2 1 5 2 1 2 3 1 4
2 3 1 2 2 0 1 1 2 1 3 2
a) реттелген сандар қатарын құрыңыз;
b) абсолютті және салыстырмалы жиілік кестесін салыңыз;
топқа қосылу