ТЖБ Қазақ тілі 7-сынып 2-тоқсан жауаптар
Қазақ тілі 7 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
ТЖБ Қазақ тілі 7-сынып 2-тоқсан жауаптар
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Сүйіспеншілік пен достық. Морфология
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Үзіндіні тыңдап, оқиғаның жалғасын өз болжамыңызбен жалғастырыңыз.
2. Түпнұсқаны тыңдап, божамыңыздың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы
туралы кері байланыс беріңіз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Бір айдаһар аюды қуып бара жатады. Мұны көрген аңшы батыр айдаһарды өлтіріп,
аюды құтқарып алады. Аю өлімнен құтқарып алғаны үшін батырға шексіз алғысын білдіріп,
аңшы қайда барса, соның артынан қалмай жүретін болады.
Сұрақ: Аю мен аңшы батырдың арасындағы қарым-қатынас әрі қарай қалай өрбиді?
...
Көрген елдің бәрі «Аю – жыртқыш аң. Абай бол!» – десе, аңшы: «Айдаһардан құтқарып
алғаным үшін бұл аю менің адал, сенімді серігім болды», – дейді. Елдер: «Ақымақтың
достығы жамандығынан да жаман. Сен аюға сенбе!» – десе, батыр: «Мұның бәрін
қызғаныштан айтып отырсыңдар. Қарасаңыздаршы қандай сүйкімді! Бейшара аюдың мені
қатты жақсы көретінін қалайша түсінбейсіңдер», – дейді. Ақымақтың махаббаты алдамшы
болатынына сенбейді. Аюдан бас тарта алмайды.
Бір күні аңшы ұйықтап жатқанда, бір маса бетіне келіп қонады. Аю батырдың ұйқысын
мазалап тұрған масаны қуып ұшырып жібереді. Маса ұшып-ұшып, қайтадан жігіттің бетіне
келіп қонады. Мұны көрген аю әбден ызаланып, маса отырған жерге үлкен таяқ лақтырады.
Сол кезде маса ғана емес, жақсы көрген аңшыны да өлтіріп жібереді. Осылайша жақсылық
жасаймын деп, жақсы көргенді өлтіреді.
2-мәтін
Аңыз кейіпкері Жошы хан - тарихта болған адам, атақты жаһангер Шыңғысханның
үлкен ұлы. Мұндай оқиғаның болғандығын тарих растайды. Осыдан үш күн бұрын
Шыңғыстың сүйікті ұлы, Қыпшақ даласының билеушісі Жошы аңнан қайтып оралмады. Ол
құлан аулауды жақсы көреді екен. Аңға бірге шыққан нөкерлерінің айтуынша, бұлар бір үйір
құланға кездесіпті де, ханның оғы солардың бірін жаралапты. Хан ұлының оғы жаралаған
ақсақ құлан оны шайнап өлтіреді. Ақыры, күн ұясына қонар шақта, ханның мүрдесі
табылады. Ажалы аңнан келгені, я жаудан келгені белгісіз. Ханзада жоғалып кеткеннен кейін
хан бір жамандық болғанын сезеді де: «Кім маған балаң өлді деп келсе, соның аузына
балқыған қорғасың құямын», - дейді. Ханға баласының қаралы хабарын жеткізуші адамның
жазасы - өлім. Ханның сөзін естіп, адамдар оған баласы туралы шындықты айтуға қорқады.
Сұрақ: Хан ұлының өлімі туралы қаралы хабарды кім жекізеді? Оқиғаны жалғастыр.
...
Қара халықты өлім жазасынан құтқару үшін, қаншама қатерлі болса да ханға естіртуді
найманнан шыққан ұлы Кетбұғы жырау мойнына алады. Жырау өзі сөйлемей, домбырасын
сөйлетеді. Қу тақтай ызынап қоя берді. Домбыраны тартып жатқан Кетбұғы емес сияқты,
домбыраның өзі сөйлеп жатқандай көрінді. Күйді тыңдаған хан бәрін түсініп, ашуланады.
Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұғы жырауды жазалауға шешім
қабылдады. «Қаралы хабар айтушының жазасы-өлім. Бірақ, Жошының қазасын естірткен
мен емес едім ғой! Мына домбыра емес пе еді, саған азалы хабарды жеткізген!»...Жаман
хабарды әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйырық береді. Қайғылы хабарды
топқа қосылу