БЖБ Әдебиет, 5-сынып 1-тоқсан «Таза, мінсіз асыл сөз»
«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Әдебиет» 5 сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Әдебиет» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Әдебиет» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Әдебиет, 5-сынып 1-тоқсан «Таза, мінсіз асыл сөз»
Бөлім «Таза, мінсіз асыл сөз»
Тақырып «Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты 5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу
құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер,
қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды
Тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу,
эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең
құрылысы) мағынасын ажыратады
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
«Екі жақты түсіндірме күнделігі» арқылы «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен
идеясын анықтаңыз. Кестенің сол жағына мәтіннен тақырыбы мен идеясына байланысты
(шығарма бойынша) үзінділер жазыңыз. Оң жағына үзінділердің түсіндірмесін өз
сөзіңізбен жазыңыз.
Жырдан үзінді (цитата) Түсіндірме
(неге осы ойды таңдады, ол несімен
маңызды болды)
Тақырыбы
Идеясы
2-тапсырма
Жырдан төмендегі сөздердің тура мағынасын анықтаңыз, бейнелеуіш құрал түрін
жазыңыз.
Ауыспалы мағыналы сөз Тура мағыналы
сөз
Бейнелеуіш
құрал
түрлері
Қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты.
Жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап
кетіпті.
Арыстанның апандай аузын көреді.
Қараңғылық серпіліп жүре бергенде...
Құстай ұшып, құйғытып барады
топқа қосылу