Педагогическая копилка

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 3-тоқсан «Денсаулық – зор байлық»

«Денсаулық – зор байлық» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т1» 5 сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына ««Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың  мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 3-тоқсан «Денсаулық – зор байлық»

Оқу мақсаты

5.1.6.1  Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

5.2.4.1 Шағын көлемді  мәтіндердің мазмұнына жоспар құру,  соған сүйеніп баяндау

 

Бағалау критерийі

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді

  • Жоспар бойынша баяндайды

 

Білу және түсіну

Қолдану

 

Орындау уақыты

15-20 минут

 

1-тапсырма

Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 

 

Мұрат лагерьден келген күннің ертеңіне терезенің жанында бірдеңе тасырлаған соң Ұлжан сыртқа қараса, баласы бір орында жүгіріп тұр екен. «Бұнысы несі?» - деп таңданды Ұлжан. Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды. Баласының бұл қылықтары шешесін əрі таңдандырды, əрі қызықтырды. Тысқа шықты да: «Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?» - деді Ұлжан шешей. «Жаттығу жасап жатырмын», - деді баласы. «Ол не дегенің?». «Лагерьде бізге күнде ертемен жаттығу жасататын. Үйде де жасап тұрыңдар деген. Aпa, бұның пайдасы зор. Үнемі жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді». Ұлжан дөңгелек столға шай жасап жатқанда, Мұрат орамал, сабын, тіс порошогын алып тысқа шығып кетті. Үйдің артында өзен бар еді. Бақшадан келе жатқан Батырбай қарт бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді. «Мұратжан-ау, мынауың не?» - деді. «Шынығып жатырмын», - деп жауап берді Мұрат.

 

Р/с

Сұрақ

Жауап

1

Мұрат лагерьден не үйреніп келді?

 

2

Жаттығу жасаудың пайдасы бар ма?

 

 

 

2-тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз.

Спорт – денсаулық кепілі

Спортпен айналысу  денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт. 

 

Еліміздің ертеңгі тізгіні - жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз еліміздің дамыған, алдыңғы қатардағы ел екендігін көре аламыз.

Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен қомағайлықтың, ұйқышылдықтың күштілігі.

 

Жоспар

1. _________________________

2. _________________________

3. _________________________

 

 3-тапсырма

Жоспарға сүйеніп,  жұбыңызға мәтін мазмұнын баяндаңыз.

 

Открыть полную версию