Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 1 тоқсан «Жолың болсын, жолаушы»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 1 тоқсан «Жолың болсын, жолаушы»

07 ноя 2024, 21:50
RUS / Казахский язык и литература Т2
2
0

Жиынтық бағалау «Жолың болсын, жолаушы»

Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 1 тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша жиынтық ағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 1 тоқсан «Жолың болсын, жолаушы»

«Жолың болсын, жолаушы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым 
Жазылым 
Оқу мақсаты 9.3.4.1. Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін 
салыстырып, талдау жасау 
9.4.3.1. Жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып 
жазу 
 
Бағалау критерийі Білім алушы: 
 Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады 
 Жазба жұмысында афоризмдерді қолданады 
 
Ойлау дағдыларының  
деңгейі 
Қолдану 
Жоғары деңгей деңгейлері 
 
Орындау уақыты 15-20 минут 
 
 
Тапсырма 
1.  Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз. 
А мәтіні 
Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар. 
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар. 
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс, 
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс. 
Қамданыңдар Болашақ деген елге, 
Қандай біз сый-сияпат апарамыз? 
Қорқауды, өсекшілді қатарға алма, 
Кеселін тигізеді сапарға алда. 
He бетімізді айтамыз Болашаққа? 
Жат қылықты қалдырмай апарғанда 
Жамандық атаулыны қалдырыңдар, 
Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар. 
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес, 
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар. 
Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың 
бар, 
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар! 
М. Мақатаев 
 
Ә мәтіні 
«Халықаралық бағдаршам күні» 1914 
жылғы тамыз айының 5-і күні орын алған 
оқиғаға байланысты тойланады. Бұл күні 
Американың Кливленд қаласында алғашқы 
заманауи бағдаршамның тұңғыш түпнұсқасы 
шыққан болатын. 
Алайда ең алғашқы бағдаршамды 
британдық Джей Найт есімді азамат XIX 
ғасырда ойлап тапты. Ол тек екі түсті 
шамнан тұрды. Ал ол бір түстен екіншіге 
ауысқанда дыбыс шығаратын болған. Бұл 
құрылғы тұңғыш рет 1889 жылы Лондон 
парламенті орналасқан көшеге қойылды. 
Кейін үш жыл өткен соң, бағдаршамның 
жарық шамы жарылып, абайсызда жақын 
тұрған полиция сақшысын зақымдаған 
көрінеді. Содан бағдаршам 50 жыл бойы 
ұмыт қалған.  
1910 жылы алғашқы екі түсті 
автоматтандырылған бағдаршам патенттеліп, 
қолданысқа берілді. Ал күнделікті күнде 
көріп жүрген үш түсті бағдаршамыңыз алғаш 
рет Нью-Йорк қаласында 1914 жылы пайда 
болды. Жылдар өте бұл аппарат тиімділігін 
көрсетіп, Америка және Еуропа 
мемлекеттерінде кеңінен қолданыла 
бастаған. 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.