Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 6 сынып 3 тоқсан

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 6 сынып 3 тоқсан

30 окт 2024, 22:10
RUS / Казахский язык и литература Т2
5
0

«Қазақ тілі мен әдебиеті»  пәнінен 6 сынып 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)

Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

ТЖБ 3-тоқсан Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 6 сынып

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


 

Болашақ мамандықтары


Қазақстан және Ұлы Жібек жолы


Жер байлығына аяулы көзқарас


Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы


 

Тыңдалым


Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық мүлдем жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып, 7 млн-нан астам жұмыс орны қысқаратындығы айтылды. Себебі интеллект пен роботты техника дамиды екен. Сарапшылардың айтуынша, болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын алмастырады. Бұл ретте ең алдымен, икемділік пен іскерлікке ерекше басымдық беріледі. Сонымен бірге, ортаға жылдам бейімделу және сабыр, жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, тұрақсыздықтың алдын ала білу, білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады. Ал ертеңгі интеллектуалды болашақ мамандығының негізі – жан-жақты сапалы білім.


Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар, 330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды. Бұл мамандықтардың басым көпшілігіне қазірдің өзінде сұраныс жоқ. Ел экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе? Ал еліміздің еңбек нарығында әртүрлі экономикалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер саны 13 пайыздан аспайды.


 

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.


a)    ЖОО, мамандық, болашақ


b)   Жұмысбастылық, еңбек, білім


c)    Адамдар, білім, студент


d)   Зерттеу, адамдар, күш


[1]


 

2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.


a)    Мамандық түрлері туралы


b)   ЖОО туралы статистика


c)    Студенттерді оқыту


d)   Болашақ мамандықтар туралы


[1]


3. Берілген сөздердің мәтіннен естіген баламасын жазыңыз.


a)      Зерттеушілердің ....                                                                                                              [1]


b)      Жетілдіру...                                                                                                                            [1]


c)      Қажеттілік ...                                                                                                                         [1]


 

Оқылым


А мәтіні


Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында дүниеге келген - қазақстандық әуесқой боксшы. Ол - 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері.


Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.




Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.