Coздaть aкaунт
JOSPARIK.KZ » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 3-тоқсан «Компьютердің тілін табу – өнер»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 3-тоқсан «Компьютердің тілін табу – өнер»

29 окт 2024, 21:30
RUS / Казахский язык и литература Т2
3
0

«Компьютердің тілін табу – өнер» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т1» 5 сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына ««Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың  мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 3-тоқсан «Компьютердің тілін табу – өнер»

Бөлім «Компьютердің тілін табу – өнер» 

 

Оқу мақсаты

5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

5.4.4.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат  жазу 

 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

  • Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру, хат, хабарлама жазады

 

Білу және түсіну

Қолдану

 

 

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 

 

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасауға  әлдеқайда аз уақыт жұмсалады.

Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелдеген.

Сонымен, компьютердің адам ағзасына тигізетін залалы мынадай:

- көздің көру қабілетін төмендетеді;

- омыртқалардың қисаюына әкеледі;

- жүйкеге салмақ түсіреді;

- шаршағыштық, әлсіздік басады.


  1. Мәтіндегі 2 маңызды ақпаратты анықтаңыз.

 

р/с

Маңызды ақпараттар

1

 

 

2

 

 

 

  1. Мәтіннің негізгі тақырыбын  анықтаңыз.

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

 

 

 

 

2-тапсырма

Жаңа ноутбук сатып алуыңызға байланысты үйіңіздегі қолданыста болған компьютеріңізді құрылғыларымен (процессор, пернетақта, тінтуір) сататыныңыз туралы хабарландыру мәтінін жазыңыз.

 


 

 


Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.