5.6 Жаратылыстан 24-25 жыл (
Түсінік хат
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6-сыныптарында «Жаратылыстану» пәніне арналған тақырыптық –
күнтізбелік жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 23
қыркүйектегі № 406 бұйрығымен енгізілді), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен
бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412
бұйрығымен енгізілді), Қазақстан Республикасы оқу – ағарту министрлігі 2022 жылғы «16» қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім
беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 21 қарашада
енгізілді №467), «2024 – 2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сай құрылған.
Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 5-6-сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінен қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, оқыту
мақсаттары жүйеленді. Барлық оқу бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары
көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик - мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда
игерілуі тиіс.
Сабақ барысында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік,
ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрл