josparik.kz

Уйден окыту География 6 9 кл Улгiлiк оку багдарламасы

1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 469 бұйрығына 82-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 522-қосымша Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 6-9 сыныптары үшін «География» пәнінен жаңартылған мазмұнындағы үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 6-9 сыныптары үшін «География» пәнінен жаңартылған мазмұнындағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. «География» оқу пәнінің мақсаты – білім алушыларға қолжетімді географиялық түсініктерді және оларды күнделікті әрекетте пайдалану біліктерін қалыптастыру. 3. Негізгі міндеттер: 1) білім алушыларға айналадағы әлемнің табиғи объектілері мен территориялық әркелкілігі туралы қарапайым мағлұматтарды қалыптастыру; 2) жеке табиғи құбылыстар арасындағы; адам мен табиғат арасындағы байланысты түсіндіру; 3) табиғатқа диалектикалық, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру; 4) табиғатты және табиғи құбылыстарды жүйелі бақылау көмегімен білім алушылардың жеке тәжірибесін байыту; 5) білім алушылардың табиғатты қорғау сезімдерін тәрбиелеу; 6) білім алушылардың көрнекі-бейнелік және сөз-логикалық ойлауын дамытуға, сөздік қорын кеңейтуге, байланыстырып сөйлеуін дамытуға себептесу. 2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер 4. Бағдарлама «Айналадағы әлем» пәні шеңберіндегі білім алушылардың