11 элект курс
Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері
( Элективті курс)
11 Б сыныбы қоғамдық – гуманитарлық бағыт
Сағат саны 34
Түсінік хат
Жалпы білім беретін орта мектепте тарих пәнінен қосымша білім берудің
маңызы зор. Курста Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері
қарастырылады. Мұнда қазақ халқының қалыптасуы, қазақ хандығының
құрылуы, көшпенділердің мәдениеті, мемлекеттің тілі мен жазуы, ұлттық
салт-дәстүрлері, әдет ғұрыптары айтылады. Сонымен қатар ұлт-азаттық
күрес тарихы мен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихына дейінгі кезең
қамтылады. Қазақстан тарихының аса маңызды оқиғаларымен таныстыру
алдымен жас жеткіншектерді оқытып тәрбиелеуде қазіргі мектептер алдына
қоғам қойып отырған міндеттерді – жеке тұлғаның күш-қуат мүмкіндіктерін
барынша ашуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін
қалыптастыруға, әрбір оқушының қабілетіне сай интеллектік байытуға,
азаматтықты, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке
адамның құқықтары мен міндеттерін ұғындыруға, өз елінің мәдени,
экономикалық және халықаралық мүдделерін толығырақ түсінуге
көмектеседі.
Курстың ерекшелігі: оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін
қосымша тарихи әдебиеттерді, құжаттар, деректер оқыта отырып толықтыру,
аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі ғаламдану заманында
тарихтың мәнін түсініп, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Курстың мақсаты – оқушыларға тарихымыздың аса маңызды кезеңдерінен
мағлұмат беру. Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін қосымша
тарихи әдебиеттерді, құжаттарды оқыта отырып, археологиялық
мұражайлармен, тарихи орындармен таныстырып тереңдету, еліміздің
тарихын жете меңгерту.
Курстың міндеттері: оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып,
шығармашылық ізденіспен жұмыс жасауға үйрету. Басқа пәндерден алған
білімдерін, мерзімді баспасөз материалдарын пайдалана отырып реферат,
баяндама жасау, пікір-сайыстарға қатысу, тарихи оқиғаларға берілетін
түрліше көзқарастарды салыстыра білу. Өзіндік білім алуға, қоғамдық даму
проблемаларына өз бетінше қорытынды ж