josparik.kz

6- Қ.Тарих. 1 тоқсан. ТЖБ. 6 нұсқа

В бөлімі II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ II тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40минут Балл саны – 25 Тапсырмалар түрлері: ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар; Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді. Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады: 1-тапсырма берілген ұғымдарды мағынасына қарай сәйкестендіру - қолдану дағдысын анықтауға арналған. 2-тапсырмада Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталықтарын және осы жолды түркі мемлекеттерінің бақылауға алған кезеңін анықтауға берілген, 3-тапсырмада Ұлы Жібек жолы бойымен тасымалданған тауарларды топтастырып жазуға берілген. 4-тапсырма Х-ХІІІ ортағасырдағы мемлекеттердің ыдырау себептерін сипаттап, кестеге жазуға берілген.