11 сын. Құқық БЖБ №3
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Орындау уақыты
Сату-сатып алу келісімшарты. Мұрагерлік құқық. Отбасы.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері.
11.3.1.1 Келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай
отырып мазмұнын түсіндіру
11.3.1.4 Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды
ажырату
11.3.4.2 Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік
құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар
арқылы түсіндіру
Білім алушы
Келісімшарттың ерекше белгілерін айқындайды
Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды
ажыратады
Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары
мен міндеттерінің мазмұнын түсіндіреді
Білу және түсіну
Қолдану
20 минут
Тапсырма
1. Шарт түрлерінің анықтамасымен танысып, ерекше белгілері мен қысқаша
мазмұнын
жазыңыз.
Шарт түрі
Сатып алу-сату шарты
Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды)
екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық
жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып
алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр
ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
Айырбас шарты
1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық
жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр
тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.
2. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi
қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас
мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды
беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға
мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.
3. Кодексте көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде өзгеше
көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса,
құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер)
қолданылады.
Сыйға тарту шарты
1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа
тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты не өзiне немесе үшiншi
тұлғаға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi нем