Еңб. баулу 1-сын каз.послед
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 180-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған
«Еңбекке баулу » оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің оқу бағдарламасы «Білім берудің
барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018
жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 17669 тіркелген)..
2. «Еңбекке баулу» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның
қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік
мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын,
көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
«Еңбекке баулу» пәнін меңгерудің пәндік нәтижелері еңбектің адам
өміріндегі шығармашылық және адамгершілік мәні туралы алғашқы
түсініктерді, материалдар мен олардың қасиеттері, жобалау, модельдеу
дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс деп белгілейді.
3. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:
1) әртүрлі іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы пәндік білімдерді,
дағдыларды және қабілеттерді дамыту;
2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер
шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
3) білім алушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни
ойлауын дамыту үшін терминологиялық аппарат қалыптастыру;
4) бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы
зерттеу дағдыларын дамыту;
5) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы
шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
6) білім алушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату және жағымды
көзқарас қалыптастыру;
7) коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет
мұраларының мағынасын, рөлін түсіндіру;
8) өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін