1. БЖБ бақылау ЭКОЖҮЙЕ
«Экожүйелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.3.1.1 Жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта
факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті
мен таралуын зерттеу
7.3.1.3 Қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Экологиялық факторлардың әсерін зерделейді
• Қоректік тізбектер және қоректік торлар құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
1. Төмендегі ұғымдарға анықтама беріңіз.
a) «экожүйе»b) «ағзалардың бірлестіктері»c) «биосфера»2. Суретті қарап төмендегі тапсырмаларды жазыңыз.
(а) Ор қоян тіршілік ететін экожүйені анықтаңыз.
(b) Ор қоян тіршілік ететін экожүйені сипаттаңыз.
(с) Ор қоянның тіршілігіне әсер ететін 2 экологиялық факторды сипаттаңыз.
3. Суретті қарастырыңыз.
(а) Өндірушілер, тұтынушылар, ыдыратушыларды анықтап, кестеге бөліп жазыңыз.
Өндірушілер
Тұтынушылар
Ыдыратушылар
(b) Суретті пайдаланып, жайылымдық және детритті(редуценттер) қоректік тізбектің сызбасын құрыңыз.