10кл.КТЖ. ЖМБ.БИО ГУЛЖАН
Түсінік хат
Ұзақ мерзімді жоспар "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта , жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" ( бұдан әрі МЖМБС) Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3тамыздағы №348 бұйрығы, "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің,
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022
жылғы 16 қыркүйегіндегі №399 бұйрығы, 114 қосымшасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 05 шілдесіндегі
№199 бұйрығы, "2023-2024 оқу жылында Қазақстан орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
туралы" әдістемелік нұсқау хатына сәйкес әзірленген.
Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді
жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.
«Биология» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың заман талаптарына сай білімдері мен біліктерін дамыту; өмірдің мәнін,
дамуын, оның түрлі ұйымдасу деңгейлерінде көрініс табуын түсіну; өмірдің ең басты құндылық ретіндегі маңызын түсінетін жан-жақты
дамыған тұлғаны дайындау.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) табиғаттың даму заңдарын түсінуге негізделе отырып, адамның табиғаттағы рөлін анықтайтын маңызды биологиялық білімдер мен
біліктер ауқымын кеңейту;
2) табиғаттың даму және тіршілігін жалғастыру заңдарын жаңа білімдерді алу, оларды ары қарай дамыту және тереңдету негізі және құралы
ретінде пайдалану;
3) жүйені меңгеру барысында ғылым білім мен дүниетаным негіздерін; шығармашылық дербестік пен сын тұрғысынан ойла