7-9 түсінік хат-КТП-ға(1)
Түсінік хат
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігі туралы,
ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар
адам оның ажырамас бөлігі екендігі туралы саналы түсінік қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері: 1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің
құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары
ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін
қалыптастыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және
моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу,
медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау
саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.
7-9-сыныптарда «Биология» оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесіне арналған Үлгілік оқу
бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында қарастырылатын
бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттары мен 119
зертханалық жұмыстардың, модельдеу сабақтарының санына байланысты айырмашылықтар бар.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды: 1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму; 3) ағза мен қоршаған орта; 4)
қолданбалы кіріктірілген ғылымдар. 7-9-сыныптарда «Биология» оқу пәнінен өткізілетін зертханалық
жұмыстар мен модельдеу 42-кестеде берілген. 42-кесте. Зертханалық жұмыстар мен модельдеу саны
Оқу мақсаттарының санында өзгерістер бар. «Биология» пәні тірі табиғат туралы ілімді үйрететін
болғандықтан, тәжірибелік дағдыны дамытуға көбірек көңіл бөлінгені дұрыс, ұсыну арқылы
эксперименттік жобаны нақтылауды білуі керек. Практикалық дағдыл