josparik.kz

7 сынып №8 Экономикалық география

1. Табиғи ресурстар: адам қоршаған ортадан алатын, өмір сүруіне және шаруашылығына қолданатын табиғат элементтері 2. Дүниежүзінің табиғи ресурстары: минералдық(пайдалы қазбалар), су (құрлықтағы су), жер (жер қоры), биологиялық (жер биомассасы), дүниежүзінің мұхиттық ресурстары, климаттық (жел, жылу, ылғал, жарық), ғарыштық (күн радиациясы), рекреациялық (демалу және туризм ресурстары) 3. Табиғи ресурстарды қолданудағы басты бағыт: шаруашылық классификациясының белгісі 4. Қалпына келетін табиғи ресурстар нешеге бөлінеді: 2 5. Сарқылмайтын табиғи ресурс: ғарыштық, күн энергиясы, климаттық 6. Сарқылатын ресурсқа: су, жер, биологиялық 7. Қалпына келмейтін ресурсқа: пайдалы қазбалар 8. Пайдалы қазбаларды іздеудің жолдары: терең, көлденең 9. Терең бағыттағы іздеу жолы тән елдер: Еуропа, Ресейдің еуропалық бөлігі, Украина, АҚШ елдері 10. Көлденең бағыттағы іздеу жолы тән: Ресейдің азиялық бөлігі, Канадада, Австралияда, Бразилияда 11. Ғалымдардың зерттеулері бойынша жер қойнауынан алынатын шикізаттың қанша пайызы дайын өнімге айналады: 10% 12. Биосфераны ластайтын және табиғи ландшафтты бұзатын қалдықтарға тиесілі үлесі: 90% 13. Табиғи ресурсты қолданумен байланысты мәселелер: пайдалы қазбаларды игерудегі қиындықтар, көлікк шығынына әкелетін өндіру, өңдеу салаларын орналастырудағы үйлесімсіздік, тау-кен орындарының геологиялық және техникалық жағдайларының нашарлауы, меншікті капиталдың өзіндік құнының өсуі, табылған шикізатты кешенді түрде қолданбау, кен орындарында қолданылатын ескі өндіру әдістері мен техникалар, экологиялық тепе-теңдікті бұзу; 14. Табиғи ресурстарды игеруге қатысты мәселелердің бағыттары: игеру және қолдану қиындығы, экологиялық зардаптар 15. Деректерді автоматты түрде пайдалану: картографиялық-географиялық деректер қоры; 16. Ақпаратты цифрлау арқылы алынған мәлімет: математикалық-картографиялық модель 17. Инфрақұрылым: материалдық өндіріске және тұрғындарға қызмет көрсету саласының ірі тобы 18. Көлік жүйесінің басты міндеті: жүк және жолаушы тасымалы 1