Название сайта

БЖБ 11-сынып Құқық негіздері 3-тоқсан (ЖМБ) жауаптар «Жеке құқық»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Құқық негіздері» 11-сынып 3-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ 11-сынып Құқық негіздері 3-тоқсан (ЖМБ) жауаптар «Жеке құқық»

«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Сату-сатып алу келісімшарты. Мұрагерлік құқық. Отбасы.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері.
Оқу мақсаты 11.3.1.1 Келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай
отырып мазмұнын түсіндіру
11.3.1.4 Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды
ажырату
11.3.4.2 Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік
құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар
арқылы түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Келісімшарттың ерекше белгілерін айқындайды
 Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды
ажыратады
 Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары
мен міндеттерінің мазмұнын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Шарт түрлерінің анықтамасымен танысып, ерекше белгілері мен қысқаша мазмұнын
жазыңыз.
Шарт түрі Ерекше белгілері
Сатып алу-сату шарты
Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды)
екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық
жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып
алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша
сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
Айырбас шарты
1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық
жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды
екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.
2. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi
қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас
мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды
беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн
сатып алушы деп танылады.
3. Кодексте көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде өзгеше
көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса,
құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер)
қолданылады.
Сыйға тарту шарты
1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа
тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты не өзiне немесе үшiншi
тұлғаға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге