Название сайта

БЖБ 11-сынып География, 1-тоқсан (ҚГБ) жауаптар «Картография және геоинформатика»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Картография және геоинформатика»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 11-сынып 1-тоқсан (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 11-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ 11-сынып География, 1-тоқсан (ҚГБ) жауаптар «Картография және геоинформатика»

2.1. «Картография және геоинформатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып: Заманауи картографиялық әдістер мен геоинформатика негіздері
Оқу мақсаты 11.2.1.1
11.2.2.1
Тақырыпқа сәйкес электронды картографиялық
ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану (сандық
карталарды оқу, олардың қолданысымен географиялық
объектілер мен аумақтардың орналасуын, сандық және
сапалық көрсеткіштерін анықтау, сипаттау және талдау)
Геоақпараттық әдістер мен ГАЖ технологияларының
ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс
салаларымен байланыстарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 тақырыпқа сәйкес электронды картографиялық
ресурстардың (сандық карталардың) мүмкіндіктерін
қолданады
 геоақпараттық әдістер мен гаж технологияларының
ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс
салаларымен байланыстарын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Уақыты 20 минут
Тапсырма
1. (a) «Google» сандық картасына сізге қажетті нысанды енгізу жолын сипаттаңыз.
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
(b) «Google» сандық картасын пайдаланып, өз аймақтарыңыздағы театр, кітапхана, мәдени
орталық атауы мен тұрғылықты жерін жазыңыз:
1._____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________
3._____________________________________________________________________________
2. Геоақпараттық әдістер мен ГАЖ технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс
салаларымен байланыстарын түсіндіріңіз
(a) кадастрлық жұмыс саласымен байланысын түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________________
(b) автокөлік жолдарымен байланысын түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________________
(c) Газ және мұнай құбыр жолдарымен байланысын түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
_________________________________________________________________