Название сайта

ТЖБ 11-сынып Геометрия 2-тоқсан (КГБ) жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Геометрия» 11-сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Геометрия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын11тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 11-сынып Геометрия 2-тоқсан (КГБ) жауаптар

Тапсырмалар үлгілері және балл қою кестеcі
«Геометрия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Қыры 2 дм-ге тең куб берілген.
(a) Куб жазбасын кескіндеңіз.
(b) Қоңыз А нүктесінен В нүктесіне дейінгі жолды кубтың қабырғалары және
қабырғалардың диагональдары арқылы жүріп өтеді. Оның жүруі кезінде ең аз
болатын жолдың кескінін куб жазбасында көрсетіңіз.
(c) А мен В нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.
[3]
2. Цилиндрдің биіктігі мен табан радиусы 5 см тең.
(a) цилиндр жазбасын кескіндеңіз;
(b) жазба фигурасының периметрін табыңыз (π=3,14).
[2]
3. Октаэдр төбелері мен жақтарының қосындысынан қырлар санының айырмасын табыңыз
[2]
4. Дұрыс тетраэдрдың бір қыры 3 м тең. Көпжақтың толық бетінің ауданын табыңыз.
[3]
5. Алтыбұрышты дұрыс пирамиданың бүйір қыры 37 см, ал табан қыры 24 см тең.
(a) Пирамиданың бүйір бетін табыңыз.
[3]
(b) Пирамиданың толық бетін табыңыз.
[3]
6. Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың табан қабырғалары 4 см және 8 см тең.
Пирамиданың бүйір қырлары табан жазықтығымен 600 бұрыш жасайды. Қиық пирамиданың
толық бетін табыңыз.
[4]